Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 255-бап. Терроризм актісі  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

255-бап. Терроризм актісі  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

255-бап. Терроризм актісі  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

1 Терроризм актісі, яғни жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза табуы, елеулi мүлiктiк залал келтiру не қоғамға қауiптi өзге де зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн өзге де әрекеттер жасау, егер бұл әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету, соғысқа арандату не халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған әрекеттердi дәл сол мақсаттарда жасау қатерін төндіру, –

      мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2 Мынадай:

      1) бiрнеше рет;

      2) азаматтардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төндiруі мүмкін қаруды не қару ретiнде пайдаланылатын заттарды, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданып жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3 Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:

      1) жаппай жою қаруын, радиоактивтi материалдарды қолданумен немесе қолдану қатерін төндірумен және жаппай уландыруды, эпидемияны немесе эпизоотияны таратуды, сол сияқты адамдардың жаппай қырылуына әкеп соғуы мүмкін өзге де әрекеттердi жасаумен немесе жасау қатерін төндірумен ұласса;

      2) абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, –

      мүлкі тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

5 Қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету, соғысқа арандату не халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру мақсатында жасалған, адам өмiрiне қол сұғу, сол сияқты дәл сол мақсаттарда, сондай-ақ мемлекет немесе қоғам қайраткерiнiң мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған оның өмiрiне қол сұғу не халықаралық қорғауды пайдалантын адамдарға немесе ұйымдарға, ғимараттарға, құрылыстарға шабуыл жасаумен, адамды кепiлге алумен, ғимараттарды, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алумен, әуе немесе су кемесін, жылжымалы темiржол составын не өзге де қоғамдық көлiктi айдап әкетумен, сол сияқты басып алумен ұштасқан адам өмiрiне қол сұғу –

      мүлкі тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      Ескерту. Терроризм актiсiн дайындауға қатысатын адам, егер ол мемлекеттiк органдарға дер кезiнде ескертуiмен немесе өзге тәсiлмен терроризм актiсiн болғызбауға ықпал етсе және егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

Террористік және экстремистік қылмыстар туралы заңнаманы қолдану бойынша сот практикасының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 11 нормативтік қаулысы.

Террористік және экстремистік қылмыстар туралы заңнаманы қолдану бойынша сот практикасының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 8 желтоқ...

Толық оқу »

174-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

174-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәс...

Толық оқу »

177-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнің – Елбасының өмiрiне қолсұғушылық  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

177-бап. Қазақстан Республикасы экс-Президентiнің өмiрiне қолсұғушылық ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы экс-Президентiнің өмiрiне оны...

Толық оқу »

178-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне қолсұғушылық  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

178-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне қолсұғушылық ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне оның мемлеке...

Толық оқу »

256-бап. Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

256-бап. Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Терроризмдi насихаттау немесе террориз...

Толық оқу »

257-бап. Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

257-бап. Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Террористiк топ құру, сол сияқты оған басшылық...

Толық оқу »

258-бап. Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

258-бап. Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Жеке...

Толық оқу »

269-бап. Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

269-бап. Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Ғимараттарға, қ...

Толық оқу »

273-бап. Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

273-бап. Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау –...

Толық оқу »

283-бап. Радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен заңсыз жұмыс істеу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

283-бап. Радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен заңсы...

Толық оқу »

380-1-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

380-1-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Құқық қорғ...

Толық оқу »

408-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының, сот төрелігін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын немесе заң көмегін көрсететін адамның, сондай-ақ сарапшының және маманның өмiрiне қол сұғуу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

408-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының, сот төрелігін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын немесе заң көмегін көрсететін адамның, сондай-ақ...

Толық оқу »

259-бап. Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

259-бап. Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының...

Толық оқу »

405-бап. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

405-бап. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату тура...

Толық оқу »

173-бап. Халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

173-бап. Халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Шет мемлекеттiң өкiлiне немесе халықарал...

Толық оқу »