26-бап. Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу Iшкi су көлiгi туралы Заңы
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кеме оған тіркеу нөмiрiн беру арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
2. Осы Заңның 24-бабының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы уақытша берiлген кеме жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
3. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу деп Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес мемлекеттiң кемеге құқықтың туындауын, шектелуiн (ауыртпалықтарын), ауысуын немесе тоқтатылуын тану және pастау актiсi түсiнiледi.
4. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) үшiн, сондай-ақ кеменi мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алу кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым алынады.
4-1. Егер кеме оқиға салдарынан немесе басқа себеппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізіліміне немесе кеме кітабына бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалса, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кемені мемлекеттік қайта тіркеу жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының меншігіндегі және мемлекеттік органдардың өздеріне жүктелген функцияларды орындауы үшін коммерциялық мақсаттарда пайдалануы да кемені қайта тіркеу үшін негіз болып табылады.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде жолаушылар, жүк-жолаушылар, мұнай құйылатын, сүйреткіш кемелер, құрғақ жүк кемелері, қалқымалы крандар және техникалық флот кемелері, сондай-ақ шағын көлемді кемелер болып табылмайтын кемелер тіркеледі.
6. Шағын көлемді кемелер кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жатады.
Массасы қоса алғанда екі жүз килограмға дейінгі және қозғалтқыштарының (орнатылған жағдайда) қуаты қоса алғанда сегіз киловатқа дейінгі шағын көлемді кемелер, сондай-ақ ұзындығы тоғыз метрден аспайтын, қозғалтқыштары жоқ және демалуға арналған орындармен жабдықталмаған спорттық желкенді кемелер мемлекеттік тіркелуге жатпайды.
6-1. Мемлекеттік кеме тізілімінде және кеме кітаптарында шлюпкалар және кеме жабдықтары болып табылатын өзге де жүзбелі құралдар тіркелмейді.
7. Аумақтық бөлімше, егер ұсынылған құжаттардың нысаны мен мазмұны Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында белгiленген талаптарға сай болмаған жағдайда, мемлекеттiк тiркеуден бас тартады.
8. Мүдделi тұлға кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
9. Егер кемеге меншiк құқығы шет мемлекеттiң кеме тiзiлiмiнде тiркелген болса, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне тiркелмейдi. Мұндай жағдайда кемеге меншiк құқығын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде тiркеу үшiн меншiк иесi кеменiң шет мемлекеттiң кеме тiзiлiмiнен шығарылғаны туралы үзiндi көшiрменi ұсынуға тиiс.
10. Шет мемлекеттiң кеме тiзiлiмiнде тiркелген кеме мұндай кемеге осы Заңның 24-бабының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай iшiнде жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574 Заңы.
Осы Заң кеме қатынасын жүзеге асыру, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, шағын көлемді кемелерді пайдалану, оның ішінде ішкі су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдалану кезінде ішкі су көлiгi саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы