Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 270-бабы. Әуе немесе су кемесін не теміржолдың жылжымалы құрамын айдап әкету, сол сияқты басып алу туралы түсініктеме

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 270-бабы. Әуе немесе су кемесін не теміржолдың жылжымалы құрамын айдап әкету, сол сияқты басып алу туралы түсініктеме

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 270-бабы. Әуе немесе су кемесін не теміржолдың жылжымалы құрамын айдап әкету, сол сияқты басып алу туралы түсініктеме

1. Әуе немесе су кемесін не теміржолдың жылжымалы құрамын айдап әкету, сол сияқты айдап әкету мақсатында осындай кемені немесе құрамды басып алу – екі жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол іс-әрекеттер:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану арқылы не осындай күш қолдану қатерін төндіру арқылы;

4) қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдану арқылы жасалса, –

мүлікті тәркілеумен бірге жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді, егер оларды қылмыстық топ жасаған болса не абайсызда адамның өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, –

мүлікті тәркілей отырып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігі көрсетілген көлік түрлерінің бақылаусыз орын ауыстыруы (қозғалысы) қоғамдық қауіпсіздікке, апаттарға, аварияларға және адам құрбандарына байланысты ауыр зардаптардың туындауына қатер төндіруінде.

Қылмыстың объектісі – қоғамдық қауіпсіздік. Қосымша объектілер ретінде адамдардың өмірі мен денсаулығы, сондай-ақ меншік болуы мүмкін.

Қылмыстың заты – әуе немесе су кемесі не теміржолдың жылжымалы құрамы.

Әуе кемесін айдап әкету халықаралық сипаттағы қылмыс болып табылады.

Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияда (Гаага, 1970 жылғы 16 желтоқсан) ұшу үстіндегі әуе кемесін заңсыз басып алу немесе оған бақылау орнату актілері адамдар мен мүліктің қауіпсіздігіне қатер төндіретіні, әуе қатынасын елеулі түрде бұзатыны және әлем халықтарының азаматтық авиация қауіпсіздігіне деген сенімін әлсірететіні атап көрсетілген.

Теңіз кемелеріне қатысты осындай әрекеттердің қылмыстылығы туралы ақпарат Теңіз кеме қатынасының қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілерге қарсы күрес туралы конвенцияда (1998 жылғы 10 наурызда Римде жасалған) қамтылған.

ҚК-нің 3-бабының 30) тармағына сәйкес әуе немесе су кемесін не теміржолдың жылжымалы құрамын айдап әкету немесе басып алу террористік қылмыстарға жатқызылады, бұл қарастырылып отырған қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін едәуір арттырады.

Әуе кемесі – атмосферада ауамен өзара әрекеттесу есебінен ұсталып тұратын, жер (су) бетінен шағылысқан ауамен өзара әрекеттесуді қоспағанда, аппарат (Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңының 1-бабының 40) тармағы).

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі «Ішкі су кеңістігі туралы» Заңының 1-бабының 10) тармағына сәйкес кеме – шағын көлемді кеме болып табылмайтын, кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын, өздігінен жүретін немесе өздігінен жүрмейтін ішкі су көлігі кемесі, оның ішінде «өзен-теңіз» жүзу кемесі, паром, техникалық флот кемесі (түбін тереңдету және тазарту снарядтары, жүзбелі кран және осыған ұқсас басқа да техникалық құрылыстар).

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы «Теміржол көлігі туралы» Заңының 1-бабының 23) тармағына сәйкес жылжымалы құрам – теміржол жолдарымен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдауға арналған тартқыш көлік құралдары (локомотивтер), вагондар, өздігінен жүретін және өзге де теміржол көлік құралдары, сондай-ақ арнайы жылжымалы құрам.

Әуе кемесі деп жер немесе су бетінен шағылысқан ауамен өзара әрекеттесуден өзгеше, ауамен өзара әрекеттесу есебінен атмосферада ұсталып тұратын ұшу аппаратын (ұшақ, тікұшақ, дирижабль, мотодельтаплан, планер және т.б.) түсіну қажет.

Су көлігі кемесі – кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын теңіз, өзен, көл кемесі, өздігінен жүретін немесе өздігінен жүрмейтін жүзбелі құрылыс. Кеме қатынасының мақсаттарына жүктерді, жолаушыларды тасымалдау, кемелерді және басқа да жүзбелі объектілерді сүйрету, пайдалы қазбаларды іздеу, барлау және өндіру, құрылыс, гидротехникалық, суасты-техникалық жұмыстарды жүргізу, құтқару операцияларын жүзеге асыру, ғылыми зерттеулер жүргізу және кейбір өзге де мақсаттар (оқу, спорттық, мәдени) жатады.

Айдап әкетудің заты болып кемелер, яхталар, паромдар, катерлер, суасты қайықтары, буксирлер, жүзбелі крандар және осыған ұқсас басқа да техникалық құрылыстар табылады.

Ішкі жүзу қатынасындағы сыйымдылығы 80 тіркелімдік тоннадан аз, негізгі қозғалтқыштарының қуаты 55 кВт-тан төмен немесе қуатына қарамастан аспалы қозғалтқыштары бар шағын көлемді су кемесін және өзге де жүзбелі объектіні, су мотоциклін (гидроциклді), ескекті қайықты, байдарканы айдап әкету немесе басып алу айдап әкету не басып алу ретінде саралауға жатпайды.

Теміржолдың жылжымалы құрамы деп теміржол көлігінің қозғалыс құралдары түсініледі. Оларға локомотивтер, жүк вагондары, локомотивтік тартқышы бар жолаушылар вагондары және моторвагондық жылжымалы құрам, сондай-ақ тасымалдауды жүзеге асыруды және инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған өзге де теміржол жылжымалы құрамы жатады.

Қылмыстың объективтік жағы әуе немесе су кемесін не теміржолдың жылжымалы құрамын айдап әкету, сондай-ақ оларды айдап әкету мақсатында басып алу сияқты әрекеттерді жасаудан көрінеді.

Айдап әкету деп кемені немесе құрамды оның тұрақта тұрған кезінде күш қолданбай немесе жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып заңсыз иеленіп алуды түсіну қажет.

Басып алу деп кемені немесе құрамды белгіленген бағыт бойынша қозғалыс кезінде күш қолданбай немесе өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып заңсыз иеленіп алуды түсіну қажет.

Айдап әкету және басып алу күш қолданбай, алдау арқылы, өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану арқылы не осындай күш қолдану қатерін төндіру арқылы жасалуы мүмкін.

Күш қолдану қатерін төндіру жәбірленушілерді өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күшті дереу қолданумен қорқытуды білдіреді.

Күш қолдану немесе оны қолдану қатері кеменің немесе жылжымалы теміржол құрамының экипажына, жолаушыларға, техникалық персоналға, күзетшілерге және қылмыстың жасалуына кедергі келтіруге тырысатын кез келген басқа адамдарға бағытталуы мүмкін.

Осы қылмысты жасау уақыты мен жағдайы оны саралау үшін міндетті белгілер болып табылмайды. Қарастырылып отырған қылмыс құрамы әуе кемесінің ұшуы кезінде немесе су кемесінің ашық теңізде, жағалау суларында не өзенде жүзуі кезінде, теміржолдың жылжымалы құрамының теміржол магистральдары бойынша белгіленген бағытта қозғалысы кезінде ғана емес, сондай-ақ олардың әуежайда, теңіз немесе өзен портының айлағында, теміржол станциясында (вокзалында) немесе теміржол көлігінің депосында тұрақта тұрған кезінде де орын алуы мүмкін.

Қылмыс құрамы өзінің құрылымы бойынша формальдық болып табылады. Айдап әкету көлік құралы қозғалысының басталған сәтінен бастап, ал егер кеме айдап әкету кезінде қозғалыста болса, қозғалыс бағыты өзгерген сәттен бастап аяқталған болып есептеледі. Басып алу да кемені иеленіп алған сәттен бастап аяқталған болып есептеледі.

Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналық түріндегі қасақана кінә нысанымен сипатталады. Адам әуе немесе су кемесін не теміржолдың жылжымалы құрамын айдап әкетуді, сол сияқты басып алуды жүзеге асырып жатқанын сезінеді, қоғамдық қауіпті зардаптардың туындау мүмкіндігін немесе болмай қоймайтынын алдын ала біледі және соны қалайды.

ҚК-нің 270-бабы бойынша кінәлінің қасақаналығының еріктілік элементінің ерекшелігі, осы қылмысты бөтеннің мүлкін ұрлаудан ажырататын белгі ретінде, айдап әкету немесе басып алу кезінде бөтен мүлікті (әуе немесе су көлігі кемесін не теміржолдың жылжымалы құрамын) пайдалану құқыққа қайшы уақытша сипатта болатындығында, ал ұрлау кезінде кінәлі жәбірленушіні өзіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігінен біржола айыруды қалайды.

Қылмысты жасау себептері кез келген болуы мүмкін – пайдакүнемдік, бұзақылық, серуендеп қайтуға деген ниет.

Егер әуе немесе су кемесін не теміржолдың жылжымалы құрамын басып алу айдап әкету мақсатында емес, көлік құралының экипажын, командасын, бригадасын және оның жолаушыларын кепілге алу және оларды ұстап тұру мақсатында, кепілге алынған адамдарды босатудың шарты ретінде мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір әрекет жасауға немесе қандай да бір әрекет жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу үшін жүзеге асырылса, онда жасалған әрекет ҚК-нің 261-бабының тиісті бөлігі бойынша кепілге алынған адамды басып алу ретінде саралануға тиіс.

Сондай-ақ әуе немесе су кемесін не теміржолдың жылжымалы құрамын басып алу немесе айдап әкету кінәлі адам тарапынан диверсия (ҚК-нің 184-бабы); терроризм актісі (ҚК-нің 255-бабы) сияқты ауыр қылмыстарды, сондай-ақ ауыр қылмыстарға жатпайтын қылмыстарды: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту (ҚК-нің 392-бабы) және т.б. жасау тәсілі ретінде жүзеге асырылуы мүмкін екенін де жоққа шығаруға болмайды.

Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға.

ҚК-нің 270-бабының 2-бөлігі ауырлататын мынадай мән-жайлар кезінде әуе немесе су кемесін не теміржолдың жылжымалы құрамын айдап әкету немесе басып алудың сараланған құрамын жасағаны үшін жауаптылықты көздейді:

адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

бірнеше рет;

өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану арқылы не осындай күш қолдану қатерін төндіру арқылы;

қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдану арқылы.

Әуе немесе су кемесін не теміржолдың жылжымалы құрамын айдап әкету, сол сияқты басып алу, егер оған қылмысты бірлесіп жасау туралы алдын ала уағдаласқан адамдар қатысса, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған деп есептеледі.

Бірнеше рет жасалу деп адамның әуе немесе су кемесін не теміржолдың жылжымалы құрамын екі немесе одан да көп рет айдап әкетуін, сол сияқты басып алуын түсіну қажет, бұл ретте алдыңғы айдап әкету немесе басып алу үшін адам заңда белгіленген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған немесе сотталмаған болуы қажет.

Өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолдану деп жәбірленушіге денсаулыққа жеңіл, орташа ауырлықтағы немесе ауыр зиян келтіруге әкеп соққан күш қолдануды түсіну қажет. Көрсетілген зардаптар ҚК-нің 270-бабы 2-бөлігінің 3) тармағында көзделген қылмыс құрамымен қамтылады және ҚК-нің 106, 107-баптары бойынша қылмыстар жиынтығымен саралау талап етілмейді.

Күш қолдану қатері осындай күшті қолданумен қорқыту арқылы білдіріледі.

Қаруды қолдану деп әуе немесе су кемесін не теміржолдың жылжымалы құрамын айдап әкету немесе басып алу кезінде адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру үшін оны іс жүзінде пайдалануды түсіну қажет. Осы қылмыс құрамындағы қару деп атыс қаруын да, суық қаруды да түсіну керек (Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Заңын қараңыз).

Қару ретінде пайдаланылатын өзге де заттар ретінде адамның денсаулығына зиян келтіруге болатын кез келген заттар болуы мүмкін. Оларға тұрмыстық-шаруашылық мақсаттағы заттар, мысалы, балталар, шалғылар, айырлар, пышақтар, күректер, металл шыбықтар, құбырлар, таяқтар және т.б. жатады.

Егер басып алу немесе айдап әкету кезінде пайдаланылған қарудың ұрланғаны анықталса, онда ҚК-нің 291-бабы бойынша қосымша саралау қажет. Пайдаланылған қаруды заңсыз сатып алу ҚК-нің 287-бабында көзделген қылмыс құрамын құрайды.

Көлік құралдарын басып алу нәтижесінде кемеде немесе жылжымалы теміржол құрамында болған адамдар заңсыз бас бостандығынан айырылған жағдайларда, кінәлі адамның әрекеттері туындаған зардаптарға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті баптарында көзделген қылмыстар жиынтығы бойынша саралануға жатады.

ҚК-нің 270-бабының 3-бөлігі осы қылмыстың аса сараланған құрамын жасағаны үшін жауаптылықты белгілейді. Оған қылмысты қылмыстық топтың жасауы не адамның өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға абайсызда әкеп соғу жатады.

Әуе немесе су кемесін не теміржолдың жылжымалы құрамын айдап әкету, сол сияқты басып алу, егер оны ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда, заңсыз әскерилендірілген құралым жасаған болса, қылмыстық топ жасаған деп есептеледі.

Әуе немесе су кемесін не теміржолдың жылжымалы құрамын айдап әкету немесе басып алу кезінде адамның өліміне әкеп соғуды заң шығарушы абайсызда жасалған кінә нысанымен байланыстырады.

Әуе немесе су кемесін не теміржолдың жылжымалы құрамын айдап әкету немесе басып алу кезіндегі өзге де ауыр зардаптар деп адам денсаулығына ауыр зиян келтіруді; ірі немесе аса ірі мөлшерде залал келтіруді; келтірілген зиянның ауырлығын куәландыратын өзге де зардаптарды түсіну қажет (ҚК-нің 3-бабының 4) тармағына түсініктемені қараңыз).

Адамның абайсызда өлуі немесе өзге де ауыр зардаптар түріндегі зардаптар туындаған жағдайда қылмыс құрамы материалдық болып табылады, ал субъективтік жағы кінәнің екі нысанымен сипатталады: айдап әкетуді немесе басып алуды қасақана жасау және зардаптарға абайсызда қарау.

Айдап әкету немесе басып алу кезінде адамның өліміне қасақана әкеп соғу ҚК-нің 99-бабы бойынша қосымша саралауды талап етеді.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 270-бабының 1 және 2-бөліктерінде көзделген әрекеттер ауыр қылмыстарға жатады.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 270-бабының 3-бөлігінде көзделген әрекет аса ауыр қылмыстарға жатады.

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме, авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі мен ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері Исидор Шамилович Борчашвили.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес беру Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Ережелер Жолдаулар

 

239-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК Әуе немесе су кемесін не теміржол жылжымалы құрамын айдап әкету, сол сияқты басып алу

239-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК Әуе немесе су кемесін не теміржол жылжымалы құрамын айдап әкету, сол сияқты басып алу 1. Әуе немесе с...

Толық оқу »

270-бап. Әуе немесе су кемесін не жылжымалы темiржол составын айдап әкету, сол сияқты басып алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

270-бап. Әуе немесе су кемесін не жылжымалы темiржол составын айдап әкету, сол сияқты басып алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Әуе немесе су кемесін не жы...

Толық оқу »

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты а...

Толық оқу »

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы келісімді орындауға жауапты Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарын айқындау туралы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты а...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-бабына түсініктеме. Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына немесе өзге де коммуникацияларға шабуыл жасау не оларды басып алу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-бабына түсініктеме. Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына немесе өзге де коммуникацияларға шабуыл жасау...

Толық оқу »

269-бап. Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

269-бап. Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Ғимараттарға, қ...

Толық оқу »

Кепiлге адам алуға қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы

Кепiлге адам алуға қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралыҚазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 24 қаңтар N 2816Қ...

Толық оқу »

179-бап. Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

179-бап. Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының констит...

Толық оқу »

168-бапқа түсініктеме. Билікті күштеп басып алу немесе күштеп ұстап қалу не шет мемлекет өкілдерінің Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің уәкілетті органдары мен Қазақстан Республикасы ҚК лауазымды адамдарының құзыретіне кіретін өкілеттіктерді жүзеге асыруы немесе шетелдік қайта ұйымдастыруы

168-бапқа түсініктеме. Билікті күштеп басып алу немесе күштеп ұстап қалу не шет мемлекет өкілдерінің Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің уәкілетті органдары мен Қаз...

Толық оқу »

Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны және Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны толықтыратын хаттаманы ратификациялау туралы

Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны және Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны толықтыратын хаттаманы ратификациялау тура...

Толық оқу »