Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 52-бап. Әуе кемесін жалдау Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы

52-бап. Әуе кемесін жалдау Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 52-бап. Әуе кемесін жалдау Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы 

      1. Жалдау (чартер) шартына сәйкес әуе кемесін жалдау жүзеге асырылады. 

      Жалдау (чартер) шартында тараптардың атауы, әуе кемесiнiң үлгiсi, жалға берiлу мақсаты, тасымалданатын жолаушылардың ең көп саны, багаждың, жүктің және почта жөнелтілімдерінің салмағы, жалдау ақысының мөлшерi, жөнелту пунктi, тасымалдың уақыты және межелі пункті көрсетiледі. 

      Жалдау шартына басқа да талаптар енгiзiлуi мүмкiн. 

      2. Әуе кемесімен жалданушының әуе кемесін жалдаушыдан қосымша төлем талап етпей-ақ, тасымалдың басталу уақытын және әуе кемесiнiң ұшу жоспары бойынша көзделген қонатын жерiндегi ұшып шығу уақытын ауыстыруға, егер ол әуе кемесiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажет болса, қосымша қону немесе ұшу маршрутын өзгертуге құқылы. 

      3. Әуе кемесімен жалданушы әуе кемесiнiң бүкіл сыйымдылығын уақтылы беруге және шарт күшiнде болған уақытта әуе кемесiн шартта көзделген мақсаттарда пайдалануға болатындай күйде күтiп ұстауға мiндеттi. 

      4. Әуе кемесін жалдаушы әуе кемесімен жалданушының келiсiмiмен жалданған әуе кемесiн субчартерге беруге құқылы. 

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға және авиация қызметіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы экономикасының, жеке және заңды тұлғалардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әуе кеңістігі мен авиация қызметін пайдалану тәртібін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

100-бап. Тасымалдау кезiнде жоғалған жүк үшiн жалдау ақысы  Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

100-бап. Тасымалдау кезiнде жоғалған жүк үшiн жалдау ақысыСауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы      1. Тасымалдау кезiнде жоғалған жүк үшiн жалдау ақысы алынбайды немесе...

Толық оқу »

Кеме жалдау ақысы

Кеме жалдау ақысыТалапкер 30 000 тонналық дедвейт кемесіне арналған таймчартер немесе Dirty Tanker Wire Basic Service шарттарында танкерлердің орташа шығыстарын жариялайтын Ar...

Толық оқу »