26-бап. Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының аумағында туристердiң қауiпсiздiгiне Қазақстан Республикасы кепiлдiк бередi. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының турист-азаматтарына оның шегiнен тыс жерлерде қорғау және оларға қамқорлық жасау кепiлдiгiн бередi.
2. Туристердiң қауiпсiздiгi деп туристердiң жеке қауiпсiздiгi, олардың мүлкiнiң сақталуы және саяхат кезiнде қоршаған ортаға залал келтірмеуі, сондай-ақ туризмді заңсыз көші-қон мен үшiншi елдерге транзит, азаматтарды сексуалдық, еңбек және өзге де мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге бағытталған шаралар кешенi түсiнiледi.
3. Уәкiлеттi орган туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды және туристердi уақытша болатын елдегi (жердегi) ықтимал қауiптер туралы хабардар етедi.
4. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туристерге саяхат басталудан үш күн бұрын жазбаша түрде уақытша болатын елге (жерге) бару, уақытша болған елден (жерден) шығу және сонда болу ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтер беруге және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыруға міндетті.
5. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті орган мен азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ туристің отбасына саяхат кезінде туристің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы білген немесе білуге тиіс кезден бастап дереу хабарлауға міндетті.
Егер шетелдік туристер - Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының турист азаматтары Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде төтенше жағдайға ұшыраған болса, туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар дипломатиялық қызмет органдарына да хабарлауға міндетті.
Туроператорлардың уәкілетті органға, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы ақпаратты бермеуі немесе уақтылы бермеуі лицензияның қолданысын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
Бір жыл ішінде қайталап жасалған, туроператорлардың уәкілетті органға, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы ақпаратты бермеуі немесе уақтылы бермеуі лицензиядан айыру үшін негіз болып табылады.
Лицензияның қолданысын тоқтата тұру не лицензиядан айыру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі бір айды құрайды.
6. Өзi уақытша болатын елге (жерге) саяхат жасағысы келетiн туристер халықаралық медицина талаптарына сәйкес профилактикадан өтуге мiндеттi.
7. Қазақстан Республикасының аумағында қасiретке душар болған туристерге қажеттi көмектi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мамандандырылған қызметтер жүзеге асырады.
8. Уәкiлеттi орган мүдделi министрлiктермен және басқа да атқарушы органдармен бiрлесiп туристердiң қорғалуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
9. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі туристердiң қорғалуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының бiрi ретiнде туристiк қызметтiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы