Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 98-бабы. Сот талқылауына қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы түсініктеме

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 98-бабы. Сот талқылауына қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы түсініктеме

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 98-бабы. Сот талқылауына қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы түсініктеме

1. Сот талқылауына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төрағалық етуші жабық сот отырысын өткізеді, сондай-ақ осы Кодекстің 97-бабының бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген шараларды қабылдайды.

2. Қорғалатын адамның, айыптау тарапының өтінішхаты бойынша, сондай-ақ адамның, оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот өз бастамасы бойынша куәдан жауап алу туралы қаулы шығаруға құқылы:

1) қорғалатын адамның жеке басы туралы мәліметтерді жария етпей, бүркеншік атты пайдалана отырып;

2) қорғалатын адамды қатысып отырған басқа адамдардың дауысы, акценті және сыртқы белгілері: жынысы, ұлты, жасы, бойы, дене бітімі, дене тұрысы, жүрісі бойынша тануын болдырмайтын жағдайларда;

3) сот талқылауына қатысушылардың, оның ішінде бейнебайланыс арқылы да, оны көзбен көруін болдырмайтын жағдайларда.

Судья қорғалатын адамның негізгі іс жүргізуден бөлініп алынған сауалнамалық деректерімен және жеке басын куәландыратын құжаттарымен танысу арқылы жауап алынатын адамның жеке басын өзі анықтайды, бұл ретте оларды жария етпей, сот отырысының хатшысын қоса алғанда, сот отырысының өзге қатысушыларына көрсетпей және сот отырысының хаттамасында және (немесе) сот актілерінде көрсетпей жүзеге асырады.

3. Төрағалық етуші:

1) жауап алуды бейнежазбаға, дыбысжазбаға және тіркеудің өзге де тәсілдеріне тыйым салуға;

2) сот отырысы залынан сотталушыны, адвокатты қоспағанда, қорғау тарапының өкілдерін шығаруға құқылы.

4. Сот процеске қатысушылардың біреуі болмаған кезде немесе олардың көзбен бақылауынан тыс жерде жауап алған қорғалатын адамның айғақтарын төрағалық етуші сот отырысына оның барлық қатысушыларының қатысуымен, осы қорғалатын адам туралы мәліметтерді көрсетпей жария етеді.

5. Қажет болған жағдайларда сот процеске қатысушылар мен өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заңда көзделген басқа да шараларды қабылдайды.

6. Сот талқылауына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы сот қаулысын орындау қылмыстық қудалау органдарына, жазаларды орындайтын мекемелер мен органдарға, сондай-ақ сот приставына жүктеледі.

Қылмыстық процесс қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі сот отырысын өткізу барысында да айтарлықтай өзекті болып табылады. Сондықтан заң сот талқылауына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша арнайы бапты (ҚПК-нің 98-бабы) көздеген.

Осыған байланысты жабық сот отырысын өткізуге, сондай-ақ ҚПК-нің 97-бабының нормаларына түсініктеме беру кезінде сөз еткен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзге де кез келген шараларын қабылдауға жол беріледі.

  1. Қылмыстық процесс қатысушыларының, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздік мүдделері осындай шараларды талап еткен кезде жабық сот талқылауын өткізу туралы мәселе басты сот талқылауын тағайындау туралы соттың дәлелді қаулы қабылдауымен бір мезгілде шешіледі (ҚПК-нің 29-бабының 1-бөлігінің, 96-бабының 1-бөлігінің, 322-бабы 2-бөлігінің 9) тармағының нормаларына түсініктемені қараңыз).
  2. ҚПК-нің 98-бабы 2-бөлігінің, «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Заңның 13-бабының қағидалары қорғалатын адамнан айыптау куәгері мәртебесінде жауап алудың үш нысанын регламенттейді. Бұл ретте мұндай жауап алу айыптау тарапының өтінішхаты бойынша да, соттың өз бастамасы бойынша да жүргізілуі мүмкін.

Осылайша, куәдан соттың оның жеке басы туралы мәліметтерді жария етпей, бүркеншік атты пайдалана отырып жауап алуы мүмкін. Сонымен қатар сотта айыптау тарапының куәсына сот отырысы залынан айыпталушыны, адвокатты қоспағанда, қорғау тарапы өкілдерін шығару арқылы жауап алынуы мүмкін (ҚПК-нің 98-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы).

Қажет болған жағдайларда қорғалатын адамнан оны тануға мүмкіндік бермейтін жағдайларда жауап алынуы мүмкін. Осы мақсаттарда масканы, гримді, қорғалатын адамның дауысын өзгертуге арналған аппаратты және заңға қайшы келмейтін өзге де қорғау тәсілдерін пайдалануға болады (ҚПК-нің 98-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы).

Қорғалатын адамнан процеске қатысушылардың оны көзбен көруін болдырмай жауап алу қалқаны, қорғаныш экранын пайдалану арқылы, сондай-ақ құпиялылықты сақтау қажеттілігі туралы ескертілген процеске қатысушылардың шектеулі тобының қатысуымен жүргізілуі мүмкін (ҚПК-нің 98-бабы 2-бөлігінің 3) тармағы).

Жоғарыда келтірілген барлық жағдайларда судья процеске қатысушыларға мәлім етпей, іс материалдарын пайдалана отырып, жауап алынатын адамның жеке басына тікелей қарым-қатынас жасау арқылы көз жеткізетінін атап өту маңызды. Бұл қорғалатын адамның айғақтарынан алынатын дәлелдемелердің қажетті сапасын қамтамасыз ету үшін қажет.

Сонымен бірге судья жоғарыда аталған тәсілдермен алынған қорғалатын адамның айғақтарын ол туралы мәліметтерді көрсетпей, сот отырысының барлық қатысушыларына жеткізуге міндетті (ҚПК-нің 98-бабының 4-бөлігі).

Қылмыстық процесс қатысушыларының қауіпсіздігі мүддесінде заң төрағалық етушіге сот талқылауы барысында бейнежазбаны, дыбысжазбаны және жауап алуды тіркеудің өзге де тәсілдерін қолдануға тыйым салуға рұқсат береді (ҚПК-нің 98-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы).

Жоғарыда біз сот үшін белгіленген қауіпсіздік шараларының түрлерін келтірдік (ҚПК-нің 97, 98-баптары). Сот іс бойынша ҚПК-де көзделген өзге де қауіпсіздік шараларын қолдануға құқылы (ҚПК-нің 98-бабының 5-бөлігі). Мысалы, қылмыстық процесс қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасы ретінде куәдан соттың ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, ол орналасқан немесе тұратын ауданның (облыстың) сотына шақыру арқылы бейнебайланыс режимінде (қашықтан жауап алу) жауап алуы мүмкін (ҚПК-нің 370-бабының 7—8-бөліктері).

Қабылданған қауіпсіздік шаралары туралы сот кеңесу бөлмесінде жеке құжат түрінде дәлелді қаулы шығарады немесе сот отырысы залында қаулыны басты сот талқылауының хаттамасына енгізеді (ҚПК-нің 344-бабының 3-бөлігі). Қылмыстық істің қозғалыс сатысына қарай заң сот қаулысын орындауды қылмыстық қудалау органдарына, жазаларды орындайтын мекемелер мен органдарға, сондай-ақ сот приставына жүктейді (ҚПК-нің 98-бабының 6-бөлігі).

Халықаралық тәжірибе мен практиканың материалдарын, ғылыми зерттеулерді талдау негізінде көптеген шет мемлекеттер қылмыстық процесс қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды заңнамалық реттеуде елеулі жетістіктерге жеткен деген қорытынды жасауға болады. Ең алдымен, зерттелген елдерде қылмыстық процесс қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық тетіктерінің жан-жақты пысықталуымен ерекшеленетін және азаматтарды қылмыстық процесті жүргізетін органдармен белсенді ынтымақтастыққа ынталандыратын тиімді заңнама қолданылады. Жалпы алғанда, отандық қылмыстық процесс те осы бағытта дамып келеді.

Мәселен, Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде: Ұлыбританияда, Францияда, Бельгияда, Нидерландыда куәгердің сот отырысы барысында сот залынан тыс жерде айғақтар беру құқығы заңнамалық тәртіппен бекітілген. Мысалы, Италияда Қылмыстық-процестік кодекстің нормалары мафиямен күрес туралы заңмен толықтырылған, оған сәйкес сот отырысы барысында куәдан бейнежазба арқылы жауап алуға жол беріледі. Бұл куәгерге қауіпсіз жерде бола отырып айғақтар беруге, ал полицияға қорғалатын адамдардың қол сұғылмаушылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияның заңнамасында қылмыстардан зардап шеккен балалар — жәбірленушілер мен куәгерлердің сотта айғақтар беруінің ерекше жағдайлары да белгіленген. Мұнда соттан тыс жерде алынған балалардың айғақтарының бейнежазбасын жаңғыртуға рұқсат етіледі, бұл олардың сотталушымен байланысын болдырмайды. 1992 жылдан бастап куәгерлерден жауап алу бейнематериалдары барлық басқа қылмыстық істер бойынша да сотта дәлелдеме ретінде қабылданады.

Қылмыстардан зардап шеккендер мен куәгерлерді қорғау туралы заңдармен қатар, жоғарыда келтірілген барлық елдерде оларды орындау мақсатында қылмыстық процесс қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің арнайы жалпыұлттық бағдарламалары жұмыс істейді. Мысалы, АҚШ-та мұндай бағдарлама 1971 жылдан бастап қолданылады. Оған сәйкес АҚШ Әділет министрі айыптау куәгерлері мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін тұрғын үй-жайларды жалға алуға, сатып алуға, өзгертуге және қайта жабдықтауға құқылы. Сот үкім шығарған кезде немесе сотталған адамды жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босату мәселесін шешкен кезде барлық штаттарда бағдарламаға сәйкес жәбірленушінің пікірі ескеріледі. Канададағы Куәгерлерді қорғау бағдарламасына қабылданған куәгердің тұрғылықты жерін ауыстыру мүмкіндігі бар және ол өмірінің соңына дейін қорғалады. Австриядағы қорғау бағдарламасы қорғалатын адамға қатысты қауіп сақталған уақытқа дейін жүзеге асырылады. Германияда куәгер қауіпсіздігін қамтамасыз етудің екі жүйесі қолданылады, олар Бағдарлама аяқталғаннан кейін куәгердің «жаңа» өмірінің негізін құрайды. Ұлыбританияда кең өкілеттіктері мен құқықтары бар куәгерлердің (қылмыс құрбандарының) қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы қызмет жұмыс істейді.

Зерттелген елдерде қылмыстардан зардап шеккендер мен куәгерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздер болған кезде, негізінен, арнайы қызметтерге жүктелетінін ерекше атап өткен жөн. Мысалы, АҚШ-та Әділет министрлігі басшылығының санкциясын алғаннан кейін қорғалатын куәгерлерге қатысты барлық міндеттер Федералдық маршалдар қызметіне жүктеледі. Оның қызметінің ерекшелігі — қызметкерлердің терең мамандануы мен құпиялылығы. Мәселен, бір қызметкер бастапқыда куәгермен кездесіп, оны Қорғау бағдарламасының егжей-тегжейлерімен таныстырады, оның білімі, мамандығы, денсаулық жағдайы және т.б. ескеріле отырып, қоныс аудару мен жұмысқа орналасудың ықтимал нұсқаларын талқылайды. Басқа қызметкерлер жаңа тұрғылықты жерді таңдайды және куәгер мен оның отбасының қоныс аударуын ұйымдастырады. Үшіншілері — қажет болған жағдайда оны дереу қонақүйге орналастырып, күзетке алады. Төртіншілері — жаңа құжаттарды дайындаумен және т.б. айналысады. Бұл ретте қызметкерлер арасындағы тікелей байланыстарға жол берілмейді. Көрсетілген жұмыстың барлық кезеңдерінде қауіпсіздік пен құпиялылықтың жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі. Қызметкерлер өздері кімдерді жасырып, қорғайтынын және олардың қандай іс бойынша өтетінін білмейді. Қорғалатын куәгер туралы мәліметтерді жария еткені үшін Қызмет қызметкеріне өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қатері төнеді. Жалпы алғанда, Куәгерлердің қауіпсіздігі бағдарламасы іс жүзінде бірде-бір рет істен шыққан емес. Куәгерлер тек өздері құпиялылық шарттарын бұзған жағдайда ғана қаза тапқан. Сондай-ақ зерттелген барлық елдерде қылмыстық процесс қатысушыларын қорғаудың мемлекеттік жүйесімен қатар, қылмыс құрбандарына және сот төрелігінің міндеттерін шешуге жәрдемдесетін адамдарға қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік емес ұйымдардың, қызметтердің, қоғамдар мен қорлардың кең желісі жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Олардың тиімді тәжірибесі жеке арнайы зерттеуді қажет етеді.

Осылайша, қылмыстық процесс қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесі бізде белгілі бір дәрежеде, алайда әлі де толық көлемде емес, қолданысқа енгізілген. Оны одан әрі зерделеуді жалғастырып, шетелдік әріптестеріміздің осы мәселе бойынша иелігіндегі барлық құнды тәжірибені қылмысқа қарсы іс-қимылдың ұлттық практикасына қосымша енгізу қажет.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексіне 2020 жылғы түсініктеме. Авторы: Қоғамов Марат Чекішұлы, заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті заңгері, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік қаулы Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар

 

21-1-бап. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Заңы

21-1-бап. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпс...

Толық оқу »

22-бап. Iс жүргiзу барысында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

22-бап. Iс жүргiзу барысында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынш...

Толық оқу »

39-бап. Жол пайдаланушыларға қатысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету Жол жүрісі туралы Заңы

39-бап. Жол пайдаланушыларға қатысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуЖол жүрісі туралы Заңы      1. Жолдарда тек мемлекеттік тіркеуден өткен және жарамды техникалық күйдегі кө...

Толық оқу »

35-2-бап. Әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелерінде өзгеріс болған кезде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету  Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы

35-2-бап. Әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелерінде өзгеріс болған кезде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуҚазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және...

Толық оқу »

205-бап. Донорлық қанның, оның компоненттері мен препараттарының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

205-бап. Донорлық қанның, оның компоненттері мен препараттарының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйес...

Толық оқу »

13-бап. Конституциялық Сот судьяларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы

13-бап. Конституциялық Сот судьяларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы Конституциялық Соттың судьялары,...

Толық оқу »

23-бап. Көлiкте қауiпсiздiктi және экологиялық талаптарды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы Заңы

23-бап. Көлiкте қауiпсiздiктi және экологиялық талаптарды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы Заңы      Тасымалдаушылар азаматтардың өмiрi мен денсаулығыны...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 95-бабына түсініктеме. Судьялардың, алқабилердің, прокурорлардың, тергеушілердің, анықтаушылардың, қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот отырысы хатшыларының, сот приставтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 95-бабына түсініктеме. Судьялардың, алқабилердің, прокурорлардың, тергеушілердің, анықтаушылардың, қорғаушылардың, сар...

Толық оқу »

20-бап. Магистральдық құбырды жобалау және салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету Магистральдық құбыр туралы Заңы

20-бап. Магистральдық құбырды жобалау және салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуМагистральдық құбыр туралы Заңы      1. Магистральдық құбырды жобалау, салу, реконструкциял...

Толық оқу »

30-бап. Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету Газ және газбен жабдықтау туралы Заңы

30-бап. Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуГаз және газбен жабдықтау туралы Заңы      1. Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қазақс...

Толық оқу »

47-бап. Көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету Жол жүрісі туралы Заңы

47-бап. Көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуЖол жүрісі туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жол ж...

Толық оқу »

8-бап. Табиғи және техногендiк, антропогендiк әсерлерден қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

8-бап. Табиғи және техногендiк, антропогендiк әсерлерден қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1...

Толық оқу »

21-2-бап. Күзетпен ұсталынатын немесе жазасын өтеу орнындағы қорғалатын адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Заңы

21-2-бап. Күзетпен ұсталынатын немесе жазасын өтеу орнындағы қорғалатын адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы За...

Толық оқу »

95-бап. Судьялардың, алқабилердiң, прокурорлардың, тергеушiлердiң, анықтаушылардың, қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот отырысы хатшыларының, сот приставтарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

95-бап. Судьялардың, алқабилердiң, прокурорлардың, тергеушiлердiң, анықтаушылардың, қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот отырысы хатшыларының, сот приставтарының қа...

Толық оқу »

12-бап. Табиғи, техногендік және антропогендік әсерлерден қауіпсіздікті Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

12-бап. Табиғи, техногендік және антропогендік әсерлерден қауіпсіздікті Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіқамтамасыз ету      1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызм...

Толық оқу »

21-бап. Магистральдық құбырды пайдалану, консервациялау және жою кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету Магистральдық құбыр туралы Заңы

21-бап. Магистральдық құбырды пайдалану, консервациялау және жою кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуМагистральдық құбыр туралы Заңы      1. Магистральдық құбырды пайдалану ба...

Толық оқу »

98-бап. Сот талқылауына қатысатын адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

98-бап. Сот талқылауына қатысатын адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Төрағалық етушi сот талқылауына қатыс...

Толық оқу »

26-бап. Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Заңы

26-бап. Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасының аумағында туристердiң қауiпсiздiгiне...

Толық оқу »

22-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін жүргізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету

22-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін жүргізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іст...

Толық оқу »

20-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің сот отырысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету

20-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің сот отырысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету1. Істі сот талқылауы соттың қалыпты жұмысын және со...

Толық оқу »

20-бап. Сот отырысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

20-бап. Сот отырысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Істі сотта талқылау соттың қалыпты жұмысын және сот отырысы зал...

Толық оқу »