Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 27-бап. Арнаулы атақтарды беру тәртібі Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

27-бап. Арнаулы атақтарды беру тәртібі Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

27-бап. Арнаулы атақтарды беру тәртібі Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы 

  1. Арнаулы атақтар қызметкерлерге дербес беріледі. Арнаулы атақ алғашқы немесе кезекті болуы мүмкін.

      2. Қызметкерлерге арнаулы атақтарды:

      1) жоғары офицерлік құрамға – Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенті;

      2) полковникті – арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы;

      3) өзге арнаулы атақтарды – лауазымдар номенклатурасына сәйкес арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындаған лауазымды адамдар береді.

      3. Алғашқы арнаулы атақтар болып:

      1) офицерлік құрам үшін – лейтенант;

      2) сержанттар құрамы үшін – кіші сержант;

      3) қатардағы құрам үшін – қатардағы қызметкер саналады.

      4. "Лейтенант" арнаулы атағы:

      1) офицерлік құрамның арнаулы атағы жоқ, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскери, арнаулы оқу орнын немесе арнаулы мемлекеттік органдардың жіберуі бойынша шет мемлекеттің білім беру ұйымын бітірген немесе оқу мерзімі кемінде алты ай болатын қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған қызметкерге;

      2) офицерлік құрамның арнаулы атағы жоқ, тиісті мамандығына ұқсас жоғары кəсіптік білімі бар жəне штатпен офицерлік құрам атағы көзделген лауазымға келісімшарт бойынша қызметке кірген қызметкерге тиісті лауазымға тағайындалған кезде беріледі.

      5. Офицерлік құрамның алғашқы арнаулы атағын қызметкер қызмет өткеріп жүрген арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы береді.

      6. "Кіші сержант" арнаулы атағы "кіші сержант" және одан жоғары арнаулы атағы көзделген лауазымға тағайындалатын қызметкерге беріледі. Сержанттар құрамының кейінгі арнаулы атақтары қажетті дайындық деңгейі бар және тиісті лауазымдарға тағайындалған қызметкерлерге, бірақ кемінде он екі айдан кейін беріледі.

      7. "Кіші сержант" арнаулы атағы əскери атағы жоқ, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар азаматқа штатпен сержанттық құрам атағы көзделген лауазымға келісімшарт бойынша қызметке кірген кезде, тиісті лауазымға тағайындалған кезде беріледі.

      8. "Қатардағы қызметкер" арнаулы атағы арнаулы атағы жоқ азаматтарға:

      1) қатардағы құрам лауазымына келісімшарт бойынша қызметке тұрған кезде;

      2) әскери, арнаулы оқу орнына қабылданған немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілген кезде беріледі.

      9. Запастан қабылданған не Қарулы Күштерден, басқа әскерлерден және әскери құралымдардан ауыстыру тәртібімен қабылданған азаматқа қайта аттестаттау тәртібімен өзінде бар әскери атақтан төмен емес арнаулы атақ беріледі.

      Бұрын арнаулы мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында қызмет өткерген, запастан қабылданған не басқа арнаулы мемлекеттік органдардан ауыстыру тәртібімен қабылданған және арнаулы атағы, сыныптық шені немесе біліктілік сыныбы бар адамдарға қайта аттестаттау тәртібімен арнаулы атақ беріледі. Қайта аттестаттауды өткізу және арнаулы атақ беру тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.

      Арнаулы мемлекеттік органға тағайындалған адамның өзінде бар жоғары басшы немесе офицерлік құрамның арнаулы, әскери атағы, сыныптық шені немесе біліктілік сыныбы осы Заңның 26-бабы 1-тармағы 5) тармақшасының және 2-тармағының ережелері ескеріле отырып, ол қызмет өткеретін органға тиесілігін көрсететін тең дәрежедегі арнаулы атаққа сәйкес келеді деп танылады.

      Бұрынғы арнаулы, әскери атақта, сыныптық шенде немесе біліктілік сыныбында сіңірген еңбегі кезекті арнаулы атақ беру үшін еңбек сіңіру мерзіміне есептеледі.

      Бір арнаулы мемлекеттік орган ішінде қызмет бабымен ауыстырылған қызметкерлер және әскери қызметшілер қайта аттестаттауға жатпайды.

      9-1. Бұрын мемлекеттік саяси лауазымдарды атқарған және арнаулы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары бірінші басшыларының орынбасарынан төмен емес лауазымдарға тағайындалған қызметкерлерге, осы Заңның 27-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның талаптары қолданылмай, атқаратын лауазымы үшін штатта көзделген арнаулы атақ беріледі.

      10. Кезекті арнаулы атақ қызметкерге, егер ол тең немесе одан жоғары арнаулы атақ көзделген штаттық лауазымды атқарып отырса немесе осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес штаттық емес лауазымда қызмет өткеріп жүрсе, алдыңғы арнаулы атақта еңбек сіңіру мерзімі өткеннен кейін беріледі.

      11. Қызметкерде алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде ол кезекті арнаулы атағын алуға ұсыныла алмайды.

      12. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13. Арнаулы атақтарда еңбек сіңіру мерзімі арнаулы атақ берілген күннен бастап есептеледі.

      14. Сержанттар құрамының лауазымына тағайындау кезінде тиісті даярлықтан өткен қызметкерге арнаулы атақ берілуі мүмкін.

      15. Кезекті арнаулы атақ ағымдағы арнаулы атақта еңбек сіңірудің белгіленген мерзімі өткеннен кейін және берілетін атақ мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттің әскери, арнаулы оқу орнында, білім беру ұйымында білім алып жатқан қызметкердің оқуға түсу алдында атқарған лауазымы бойынша арнаулы атағына сәйкес болған кезде беріледі.

      16. Қызметтік борышын үлгілі орындайтын, қызмет атқару немесе өзге де қызмет міндеттерін атқару кезінде жоғары кәсіби шеберлік пен ынта-жігер танытқан қызметкерлерге кезекті арнаулы атақ мерзімінен бұрын берілуі мүмкін, бірақ атқарып отырған лауазымдар бойынша көзделген әскери атақтан жоғары болмайды.

      Мерзімінен бұрын арнаулы атақ арнаулы атақта белгіленген еңбек сіңіру мерзімінің кемінде жартысы өткеннен кейін, бірақ тиісінше кіші және аға офицерлік құрамның әскери атақтарында қызмет өткерген кезеңінде бір реттен артық берілмейді.

      17. Қызметтік, жауынгерлік даярлықта, қызметтік тәртіпті нығайтуда, күрделі техниканы меңгеруде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген немесе арнаулы мемлекеттік органның міндеттерін орындаумен байланысты тапсырылған учаскедегі міндеттерді үлгілі орындайтын қызметкерге подполковникке дейін, ал ғылыми дәрежесі бар ғылыми-педагогикалық құрамның офицерлеріне полковникті қоса алғанда – атқарып отырған лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір сатыға жоғары кезекті арнаулы атақ берілуі мүмкін.

      Атқарып жүрген лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір сатыға жоғары кезекті арнаулы атақ қызмет кезеңінде бір реттен артық берілмейді және арнаулы атағында кемінде екі белгіленген еңбек сіңіру мерзімі өткеннен кейін беріледі.

      18. Алып тастаолды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      19. Офицерлік немесе сержанттық құрамның арнаулы атағынан айырылған азаматқа (әскери міндеттіге) қатардағы құрамның әскери есебіне бір мезгілде ауыстыра отырып, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті әскери басқару органының бастығы "қатардағы қызметкер" әскери атағын береді.

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV Заңы. 

Осы Заң Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік органдар) мәртебесін айқындайды, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы