27-бап. Радиоактивті қалдықтарды тасымалдау Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы
1. Радиоактивті қалдықтарды тасымалдауды атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган берген тиісті лицензиялары бар жеке немесе заңды тұлғалар жүзеге асыра алады.
2. Радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қаптамаларға (көлік контейнерлеріне), таңбалауға, көлік құралдарына, маршруттарға, физикалық тұрғыдан қорғауды және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.
3. Радиоактивті қалдықтарды әуе, теміржол, су немесе автомобиль көлігімен тасымалдау шарттары мен режимі Қазақстан Республикасының тиісті қызметтерімен келісіледі.
4. Жүк жөнелтуші, тасымалдаушы және жүк алушы радиоактивті қалдықтарды тасымалдау кезінде ядролық, радиациялық қауіпсіздікті және физикалық тұрғыдан қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ оқыс оқиғалар мен аварияларды болғызбау, оқшаулау және олардың салдарын барынша азайту жөніндегі шараларды орындауға міндетті.
5. Радиоактивті қалдықтарды тасымалдау кезінде жол-көлік оқиғасы салдарынан радиациялық авария туындаған жағдайда, егер тасымалдау туралы келісімде өзгеше көзделмесе, оны жою үшін жауапкершілік, сондай-ақ персоналды, халықты, қоршаған табиғи ортаны және материалдық құндылықтарды қорғау жүк жөнелтушіге жүктеледі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 335-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау