Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 29-бап. Прокуратураның адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі өзара іс-қимылы Прокуратура туралы Конституциялық заңы

29-бап. Прокуратураның адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі өзара іс-қимылы Прокуратура туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

29-бап. Прокуратураның адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі өзара іс-қимылы Прокуратура туралы Конституциялық заңы 

      1. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын мүдделерін қорғау және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мақсатында прокуратура:

      1) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, мекемелермен, олардың лауазымды адамдарымен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен және меншік нысандарына қарамастан өзге де ұйымдармен;

      2) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимыл жасайды және оның қызметіне жәрдем көрсетеді.

      2. Прокуратура органдарының шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылы қылмыстық-құқықтық ынтымақтастық шеңберінде, сондай-ақ активтерді қайтару, оның ішінде қылмыстық процестен тыс қайтару мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіру шеңберінде жүзеге асырылады. 

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 155-VII ҚРЗ. 

      Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасы прокуратурасының құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы