Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 30-1-бап. Судьяның кәсіби қызметін бағалау Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

30-1-бап. Судьяның кәсіби қызметін бағалау Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

30-1-бап. Судьяның кәсіби қызметін бағалау Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы 

      1. Судьяның кәсіби қызметін бағалау деп оның кәсіби білімінің деңгейін және оны сот төрелігін іске асыру кезінде қолдана білуін, сот қызметінің нәтижелерін және оның осы Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сай келуін бағалау танылады.

      Судьяның кәсіби қызметін бағалау судьялар корпусының сапалық құрамын жақсарту, кәсіби біліктілікті бағалау және оның өсуін ынталандыру, істерді қарау кезінде заңдылықты нығайтуға жауаптылықты арттыру, азаматтардың құқықтары мен қоғамның мүдделерін қорғау мақсатында жүргізіледі.

      Судьяның кәсіби қызметін бағалау бірінші рет судья лауазымындағы үш жылғы жұмысының нәтижелері бойынша жүргізіледі. Одан кейін судьяның кәсіби қызметін бағалау әр бес жыл сайын жүргізіледі.

      Жиырма және одан көп жыл судьялық өтілі бар судьялар кәсіби қызметті мерзімді бағалаудан босатылады.

      2. Алып тасталды – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

      3. Судьяның кәсіби қызметін бағалауды Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия жүзеге асырады.

      Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия тоғыз мүшеден – облыстық соттардың төрт судьясынан, кассациялық соттардың екі судьясынан, Жоғарғы Соттың бір судьясынан және отставкадағы екі судьядан тұрады.

      Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияны қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Ережеде айқындалады.

      Судьяның кәсіби қызметін бағалауды жүргізу әдістемесін Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия әзірлейді және Жоғары Сот Кеңесімен алдын ала келісілгеннен кейін Жоғарғы Соттың жалпы отырысы бекітеді. 

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы