Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 304-бап. Валидациялау және верификациялау Қазақстан Республикасының Экология кодексі

304-бап. Валидациялау және верификациялау Қазақстан Республикасының Экология кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

304-бап. Валидациялау және верификациялау Қазақстан Республикасының Экология кодексі 

      1. Валидациялау – парниктік газдардың шығарылуын қысқарту немесе сіңірілуін ұлғайту жөніндегі жобаларды әзірлеу шеңберінде мониторинг жоспарының, сондай-ақ құжаттаманың халықаралық стандарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау мен растаудың жүйелі, тәуелсіз және құжатпен рәсімделген процесі.

      2. Верификациялау – парниктік газдардың шығарылуын түгендеу туралы есепте және парниктік газдардың шығарылуын қысқарту немесе сіңірілуін ұлғайту жөніндегі жобаларды іске асыру туралы есепте көрсетілген мәліметтердің халықаралық стандарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалаудың және анықтығын растаудың жүйелі, тәуелсіз және құжатпен ресімделген процесі.

      3. Валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарды аккредиттеу Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Валидациялау және верификациялау жөніндегі орган валидациялау мен верификациялаудың анықтығы үшін жауапты болады.

      5. Валидациялау мен верификациялау қондырғы операторының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      6. Валидациялау және верификациялау жөніндегі орган өзінің қатысуымен әзірленген парниктік газдардың шығарылуын түгендеу туралы есепті немесе мониторингтеу жоспарын валидациялай немесе верификациялай алмайды.

      7. Парниктік газдардың шығарылуын қысқарту немесе сіңірілуін ұлғайту жөніндегі сол бір жобаны валидациялауды және верификациялауды сол бір валидациялау және верификациялау жөніндегі орган жүргізе алмайды.

      8. Валидациялау мен верификациялау, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен валидациялау мен верификациялауды жүргізу қағидаларына және стандарттау саласындағы уәкілетті орган бекіткен ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

 

Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы