31-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың бас сәулетшілері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың бас сәулетшілері өз қызметін осы Кодекстің нормаларына, мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, өртке қарсы және өзге де міндетті талаптарға сәйкес жүзеге асырады.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың бас сәулетшілеріне:
1) белгіленген тәртіппен бекіту үшін қала құрылысы құжаттамасын уақтылы әзірлеуді, түзетуді қамтамасыз ете отырып, аумақтарды орнықты дамыту үшін жағдайлар жасау;
2) жеке және заңды тұлғалардың, қоғамның, жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік объектілері құқық иеленушілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ете отырып, аумақтарды жоспарлау үшін жағдайлар жасау;
3) аумақтарды неғұрлым ұтымды және тиімді пайдалану бойынша бекітілген қала құрылысы құжаттамасын іске асыру кезінде инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау;
4) аумаққа бару және көзбен шолып қарау, сондай-ақ цифрлық жүйелер мен цифрлық ресурстардың мәліметтеріне талдау және бағалау жүргізе отырып, аумақтарда құрылыс салу бойынша ұдайы және тұрақты мониторинг жүргізу;
5) құрылысы аяқталмаған объектілердің тізбесін қалыптастыру және жүргізу;
6) мониторинг барысында анықталған рұқсат алмай не заңсыз тұрғызылатын (тұрғызылған) құрылыс объектілері, сол сияқты елді мекеннің (елді мекеннің құрамдас бөліктерінің) сәулеттік келбетін өзгерту, ғимараттарды, жекелеген үй-жайларды және (немесе) ғимарат бөліктерін реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) туралы, сондай-ақ бұзушылықтар және берілген және (немесе) келісілген бастапқы материалдардан ауытқулар туралы ақпаратты мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға шаралар қабылдау үшін уақтылы жіберу;
7) халыққа өздерінің өмір сүру және тіршілік ету ортасының жай-күйі, оның болжамды өзгерiстерi, белгіленген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы уақтылы хабар беру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қала құрылысы өзгерістерін және қала құрылысы құжаттамасын оларды бекіткенге дейін қарауға қатысуын қамтамасыз ету;
8) тұрақты негізде кезекші топографиялық жоспарға жаңартулар мен өзгерістерді енгізу;
9) рұқсат алмай не заңсыз тұрғызылатын (тұрғызылған) құрылыс объектілерін сүру туралы, сол сияқты елді мекеннің (елді мекеннің құрамдас бөліктерінің) сәулеттік келбетін бекітілген талаптарға сәйкес келтіру, тарихи-мәдени мұра объектілерін және (немесе) ландшафтарды сақтау туралы сотқа талап қоюларға бастамашылық ету жүктеледі.
3. Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстардың бас сәулетшілеріне төмен тұрған (облыстық маңызы бар қалалардың және (немесе) аудандық) сәулет және қала құрылысы органдарының қызметін жалпы үйлестіру жүктеледі.
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі.
Осы Кодекс Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,
адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы