Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 32-бап. Сәулет-қала құрылысы кеңестері (сәулет-қала құрылысы кеңесі) Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

32-бап. Сәулет-қала құрылысы кеңестері (сәулет-қала құрылысы кеңесі) Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

32-бап. Сәулет-қала құрылысы кеңестері (сәулет-қала құрылысы кеңесі) Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Сәулет-қала құрылысы кеңесі – бірыңғай қала құрылысы саясатын іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру, адамның өмір сүру және тіршілік ету ортасының сапасын арттыру, елді мекендердің орнықты дамуын қамтамасыз ету және қазіргі заманғы сәулеттік келбетін қалыптастыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және астананың әкімдіктері жанынан құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган. 

      2. Сәулет-қала құрылысы кеңесіне жергілікті атқарушы органның өкілдері, сәулетшілер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандары, жобалау ұйымдарының, қоғамдық және өзге де ұйымдардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың мүддесін білдіретін ұйымдардың өкілдері енгізіледі. 

      Сәулет-қала құрылысы кеңесінің құрамын астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органы қалыптастырады. 

      Сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы орган сәулет-қала құрылысы кеңесінің жұмыс органы болып табылады. 

      3. Сәулет-қала құрылысы кеңестері өз қызметін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сәулет-қала құрылысы кеңесі туралы үлгілік ережеге сәйкес жүзеге асырады. 

      4. Сәулет-қала құрылысы кеңесінің өкілдері агломерациялар жөніндегі кеңестің құрамына кіреді. 

      5. Сәулет-қала құрылысы кеңестерінің мүшелері өздері: 

      1) жобалау және жобалау алдындағы құжаттаманың тапсырыс берушілері, орындаушылары болған; 

      2) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын немесе инжинирингтік қызметтер көрсететін субъектілер болып табылатын; 

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалармен үлестес болатын құрылыс объектілері бойынша мәселелерді қарау кезінде дауыс беруге қатысуға құқылы емес.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

Осы Кодекс Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы