Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 32-бап. Сенімді цифрлық объектілер Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

32-бап. Сенімді цифрлық объектілер Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

32-бап. Сенімді цифрлық объектілер Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 

      1. Уәкілетті орган белгілеген қауіпсіздік, сенімділік, оқшаулау және техникалық қолдау өлшемшарттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптарына сәйкес келетін цифрлық жазбалар мен цифрлық активтерді қоспағанда, цифрлық объектілер сенім білдірілген цифрлық объектілер деп танылады. 

      2. Цифрлық объект сенім білдірілген цифрлық объектілерге қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде уәкілетті орган сенім білдірілген цифрлық объектілерді сенім білдірілген цифрлық объектілер тізіліміне енгізеді. Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді, сондай-ақ тізілімге енгізілетін цифрлық объектілердің түрлерін айқындауды уәкілетті орган тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады. 

      3. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар және квазимемлекеттік сектор субъектілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сенімді цифрлық объектілер тізіліміне енгізілген цифрлық объектілерді сатып алуды жүзеге асырады. 

      4. Цифрлық объектіні сенім білдірілген цифрлық объектілер тізіліміне енгізу мемлекетте осындай цифрлық объектіге айрықша құқықтардың туындауына алып келмейді және оның меншік иесінің құқықтарын шектемейді. 

      5. Цифрлық объект сенім білдірілген цифрлық объектілерге қойылатын белгіленген талаптарға сәйкестігін жоғалтқан жағдайда уәкілетті орган сенім білдірілген цифрлық объектілер тізілімінен цифрлық объектіні алып тастау туралы шешім қабылдайды және бұл туралы тізілімді қалыптастыру және  

      жүргізу қағидаларына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдарды, цифрлық объектінің иегерлерін және (немесе) меншік иелері мен пайдаланушыларын хабардар етеді.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 255-VIII ҚРЗ 

 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы