Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 334-бап. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

334-бап. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

334-бап. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

1 Жер қойнауын өз бетінше пайдалану, сол сияқты пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру, егер бұл іс-әрекеттер айтарлықтай залал келтірсе, –

      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2 Мынадай:

      1) ірі залал келтіре отырып жасалған;

      2) адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

      3) бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3 Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, мынадай:

      1) қылмыстық топ жасаған;

      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;

      3) аса ірі залал келтіре отырып жасалған іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

Соттардың кейбір экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы

Соттардың кейбір экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N...

Толық оқу »

353-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау тәртібін бұзу

353-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау тәртібін бұзу Қазақс...

Толық оқу »

353-бап. Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою және консервациялау тәртібін бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

353-бап. Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою және консервациялау тәртібін бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Қазақстан Республ...

Толық оқу »

6-бап. Жер қойнауын пайдалану кезіндегі экологиялық қауіпсіздік Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

6-бап. Жер қойнауын пайдалану кезіндегі экологиялық қауіпсіздік Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі Жер қойнауын пайдалану жер қойна...

Толық оқу »