34-1-бап. Парламенттік көпшілік және парламенттік оппозиция Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы Конституциялық заң
1. Парламенттік көпшілік – Парламент Мәжілісінде депутаттық мандаттардың ең көп санын алған саяси партия.
2. Парламенттік оппозиция – Парламент Мәжілісінде өкілдік ететін және парламенттік көпшілікке кірмейтін, әдетте, әлеуметтік-экономикалық және (немесе) қоғамдық-саяси мәселелер бойынша парламенттік көпшілікке қарағанда өзге позиция ұстанатын саяси партия немесе саяси партиялар.
Парламенттік оппозиция жекелеген мәселелер бойынша парламенттік көпшілік партиясын қолдауы мүмкін.
3. Парламенттік оппозиция осы Конституциялық заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес парламенттік тыңдау өткізуге бастама жасауға, сондай-ақ Парламент Мәжілісінің Регламентінде көзделген тәртіппен бір сессия ішінде кемінде екі рет үкімет сағатының күн тәртібін айқындауға құқылы.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы № 2529 Конституциялық заңы
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентiн ұйымдастыруды және оның қызметiн, оның депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы