34-бап. Балық аулау түрлері 6-тарау. Балық аулау Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы
1. Балық аулау мынадай түрлерге бөлінеді:
1) кәсіпшілік балық аулау;
2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
3) ғылыми-зерттеу үшін аулау;
4) бақылау үшін аулау;
5) мелиорациялық аулау;
6) өсімін молайту мақсатында аулау;
7) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2. Кәсіпшілік балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын бір мезгілде көп мөлшерде аулауға мүмкіндік беретін аулау құралдарымен балық ресурстарын және басқа да су жануарларын олардың табиғи мекендеу ортасынан алуды қамтамасыз ететін кешенді процесс.
Кәсіпшілік балық аулау кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылады.
Кәсіпшілік балық аулау жағалауда және теңізде аулау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Жағалауда аулау – бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Теңізде аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын бекітіліп берілген учаскелер шегінен тыс су айдындарының (теңіздердің, көлдердің) ашық бөлігінде, сондай-ақ балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде жүзеге асырылатын аулау.
Жергілікті атқарушы орган белгілейтін рекреациялық балық аулау аймақтарында кәсіпшілік балық аулауға жол берілмейді.
Бірлескен су биологиялық ресурстарының кәсіпшілігі аумақтық суларда, балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде жүзеге асырылады.
3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау – бір-бірлеп аулауға ғана (кәсіпшілік емес аулау құралдары) мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Әуесқойлық (спорттық) балық аулау ауланған балықты кейіннен тірі күйінде табиғи мекендеу ортасына қайтадан жіберумен жүзеге асырылуы мүмкін.
4. Ғылыми-зерттеу үшін аулау – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қою лимитінен тыс ғылыми-зерттеу үшін аулауға бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында жол беріледі.
5. Бақылау үшін аулау – ихтиофаунаның жай-күйін бақылау, балық ресурстарын және басқа да су жануарларының өсімін молайту тиімділігін, шабақтардың өнімділігін, су айдындарының балық өнімділігін айқындау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
6. Мелиорациялық аулау – жаппай аулауды, арзан бағаланатын балықтар түрлерін аулауды, қырылу қаупі бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі аулауды қоса алғанда, су айдындарының балық өнімділігін арттыруға, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтауға және олардың мекендеу әрі көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Жаппай аулау - су айдынындағы балық ресурстарының және басқа да су жануарларының бүкіл кәсiпшiлiк қорын алып қою немесе балықтардың жеке түрлерінің кәсiпшiлiк қорын немесе экологиялық тобын алып қою. Жаппай аулау мелиорациялық аулау ретінде және ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін, сондай-ақ көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын жүргізу кезінде ғылыми ұсынымдар негізінде ихтиофаунаны алмастыру мақсатында қолданылуы мүмкін.
7. Өсімін молайту мақсатында аулау - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайту мақсатында оларды аулау.
8. Алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9. Балық аулауды жүзеге асыру тәртібі балық аулау қағидаларында айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңы.
Осы Заң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы