Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 34-бап. Республиканың экс-Президенттерінің мәртебесi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

34-бап. Республиканың экс-Президенттерінің мәртебесi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

34-бап. Республиканың экс-Президенттерінің мәртебесi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 

      Ескерту. 34-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

      1. Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң, қызметiнен кетiрiлгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президентi деген атағы болады.

      2. Алып тасталды – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

      3. Республиканың экс-Президентi Республика Парламентi Палаталарының бiрлескен отырыстарына, Республика Президентiнiң қызметке кiрiсуiне, Республиканың мемлекеттiк мерекелерiне арналған салтанатты мәжiлiстерге және мемлекет өткiзетiн өзге де iс-шараларға қатысуға хақылы.

      4. Республиканың экс-Президентiне, оның абырой мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика экс-Президентiнiң абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғушылық заң бойынша қудаланады. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық заңы. 

Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiн, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбiн белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы