349-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің бас сот талқылауының хаттамасына ескертулерді қарау
Қағаз жеткізгіште дайындалған бас сот талқылауының хаттамасына ескертулерді төрағалық етуші, ал ол ұзақ (кемінде бес тәулік) болмаған кезде осы соттың басқа судьясы қарайды, ол нақтылау үшін оларды берген адамдарды шақыруға құқылы.
Ескертулерді қарау нәтижелері бойынша судья олардың дұрыстығын куәландыру не оларды қабылдамау туралы дәлелді қаулы шығарады, ол шағымдануға және наразылық білдіруге жатпайды, онымен келіспеу апелляциялық шағымға, наразылыққа енгізілуі мүмкін. Хаттамаға ескертулер және судьяның қаулысы бас сот талқылауының хаттамасына қоса тіркеледі.
Бас сот талқылауының хаттамасына ескертулерді төрағалық етуші, ал ол ұзақ уақыт болмаған кезде (кемінде бес тәулік) басқа судья қарайды. Қажет болған жағдайда судья ескертулер берген адамдарды шақыруға құқылы.
Ескертулерді қарау нәтижелері бойынша олардың дұрыстығын куәландыру не оларды қабылдамау туралы дәлелді қаулы шығарылады. Қаулы шағымдануға және наразылық білдіруге жатпайды. Қабылданған шешіммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымда, наразылықта баяндалуы мүмкін.
Ескертулердің өзі және оларды қарау нәтижелері бойынша Қаулы бас сот талқылауының хаттамасына қоса тіркеледі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексіне түсініктемесі
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы