35-бап. Байланыс қызметтерiнiң сапасы 8-тарау. Байланыс қызметтерін пайдаланушылардың құқықтары Байланыс туралы Заңы
1. Байланыс операторлары пайдаланушыларға сапасы жағынан стандарттау жөніндегі құжаттарға, техникалық нормаларға, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне, байланыс қызметтерiн көрсету шартының талаптарына сәйкес келетiн байланыс қызметтерiн көрсетуге мiндеттi.
1-1. Телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін уәкілетті орган бекітеді.
2. Байланыс қызметтерi пайдаланушылардың барлық санаттарына (тұрғын халыққа, бюджеттiк ұйымдарға, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескерiле отырып, байланыс қызметтерiн көрсету ережелерiне сәйкес тең жағдайларда көрсетiледi.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 2-тармақты екінші, үшінші, төртінші, бесінші бөліктермен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ұялы байланыс операторы абоненттің өтініші бойынша жеке, отбасылық және өзге де мақсаттарда пайдалануға жеткілікті, оннан аспайтын абоненттік нөмірді ресімдеуге міндетті.
Ұялы байланыс операторы абоненттік құрылғылардың, оның ішінде абоненттік нөмірлер қолданылатын машинааралық өзара іс-қимылдың абоненттік құрылғыларының сипаттамасы мен сәйкестендіру кодтарын көрсете отырып, ұялы байланыс операторына тиісті негіздемелер, қажеттілік дәлелдері берілген кезде байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында айқындалатын тәртіппен абонентке оннан астам абоненттік нөмірді ресімдейді.
Сәйкестендірілетін адамның қазіргі бейнесін және адамның биометриялық деректердің эталондық базасынан алынған эталондық бейнесін салыстыру арқылы ұялы байланыс абонентін биометриялық сәйкестендіруді жүргізбей, онымен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасасуға тыйым салынады.
Дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар абоненттік нөмірді ресімдеген кезде олардың абоненттік нөмірлер пайдалануға берілетін жұмыскерлерінің абоненттік нөмірді ресімдеу туралы өтініш берілген кезден бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде биометриялық сәйкестендіруден өтуі міндетті.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөніндегі өкілеттіктерін, байланыс қызметтерін көрсететін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы