38-3-бап. Аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы, сот алқаларының төрағалары және судьясы, кассациялық сот судьясы және төрағасы, Жоғарғы Сот судьясы және сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кадр резерві Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы
Ескерту. 38-3-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
Аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы, сот алқаларының төрағалары және судьясы, кассациялық сот судьясы және төрағасы, Жоғарғы Сот судьясы және сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кадр резервін (бұдан әрі – кадр резерві) Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссия қалыптастырады.
Кадр резерві жөніндегі комиссияны қалыптастыру және кадр резервімен жұмысты ұйымдастыру тәртібін Жоғары Сот Кеңесі айқындайды.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы