Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 38-бап. Заңды тұлғаның атауы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

38-бап. Заңды тұлғаның атауы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

38-бап. Заңды тұлғаның атауы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 

      1. Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк беретiн өз атауы болады.

      Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетудi қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкiн.

      Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi.

      Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы келетiн аттарды, егер жеке адамдардың есiмдерi қатысушылардың есiмдерiне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есiмiн пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерiнен) рұқсат алмаса, олардың есiмдерiн пайдалануға жол берiлмейдi.

      2. Заңды тұлға белгілі бір атаумен Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізіледі.

      Заңды тұлғаның атауы Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалардың атауын толық немесе оның елеулі бөлігінде қайталамауға тиіс.

      Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тіркелгеннен кейін оның фирмалық атауы болып табылады.

      Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзі пайдалануға құқығы бар. Бөтен бір фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесінің талап етуі бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті.

      Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттері заңнамада айқындалады.

      3. Алынып тасталды - ҚР 2001.12.24 № 276 Заңымен.

      4. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында, Қазақстан Республикасының заң актілерiнде, Президентi мен Үкiметi актiлерiнде белгiленген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының ресми атауларына сiлтемелердi пайдалануға тыйым салынады.

 

 

Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы 

38-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің заңды тұлғасының атауы

38-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің заңды тұлғасының атауы Заңды тұлғаның атауы-бұл заңды тұлғаны дараландыруға, яғни оны сол немесе басқа бейінд...

Толық оқу »

7-бап. Коммерциялық емес ұйымның атауы және орналасқан жерi Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңы

7-бап. Коммерциялық емес ұйымның атауы және орналасқан жерi Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңы      1. Коммерциялық емес ұйымның атауы оның атын және ұйымдық-құқықтық нысан...

Толық оқу »

6-бап. Автомобиль жолдарының атауы және оларды индекстеу. Автомобиль жолдарындағы ара қашықтықты есептеу Автомобиль жолдары туралы Заңы

6-бап. Автомобиль жолдарының атауы және оларды индекстеу. Автомобиль жолдарындағы ара қашықтықты есептеу Автомобиль жолдары туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасының жалпы...

Толық оқу »

23-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы  Сақтандыру қызметі туралы Заңы

23-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы Сақтандыру қызметі туралы Заңы    1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз жарғысында жазылған атауды өз атауы ретiнде па...

Толық оқу »

5-бап. Тұтыну кооперативiнiң атауы және орналасқан жерi Тұтыну кооперативі туралы Заңы

5-бап. Тұтыну кооперативiнiң атауы және орналасқан жерi Тұтыну кооперативі туралы Заңы       1. Тұтыну кооперативiнiң атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-құқықтық нысаны...

Толық оқу »

6-бап. Қоғамның атауы 2-тарау. ҚОҒАМДЫ ҚҰРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТIН ТОҚТАТУ,  МҮШЕЛЕРIНДЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI  Өзара сақтандыру туралы Заңы

6-бап. Қоғамның атауы 2-тарау. ҚОҒАМДЫ ҚҰРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТIН ТОҚТАТУ, МҮШЕЛЕРIНДЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРIӨзара сақтандыру туралы Заңы      1. Қоғамның атауында "өзара сақта...

Толық оқу »

Заңды тұлғаның атауы

Заңды тұлғаның атауы📘 1. Баптың жалпы сипаттамасыЗаңды тұлғаның атауы — бұл оның азаматтық айналымдағы идентификаторы, оның көмегімен:оны басқа заңды тұлғалардан ажыратады;ті...

Толық оқу »