39-бап. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Заңы
1. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға көппәтерлі тұрғын емес үй-жайлары, орынтұрақ орындары, қоймалары меншік иелерінің кемінде екеуінен, көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің төрағасынан жазбаша өтініш немесе жергілікті атқарушы органның өтініші немесе көппәтерлі тұрғын үйдің тапсырыс берушісінің (құрылыс салушысының) өтініші ұсынылады.
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеуші орган "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құқықтық кадастрға мәліметтер енгізеді.
2. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Интернет желісі арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізілуі мүмкін.
3. Егер кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу кезінде құқықтық кадастрда жер учаскесіне құқықты тіркеу туралы мәліметтер болмаса, тіркеуші орган мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен жер учаскесі туралы мәліметтерді енгізеді.
Мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесінде жер учаскесі туралы мәліметтер болмаған кезде тіркеуші орган жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқықтарды ресімдеу туралы хабарлама жібереді.
4. Көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері пайдалы алаңының және тұрғын емес үй-жайлары алаңдарының өзгеруі нәтижесінде кондоминиум объектісі ортақ мүлкі құрамының және (немесе) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің үлестері мөлшерінің өзгеруі мемлекеттік тіркеуге жатады.
5. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 Заңы.
Осы Заң жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы мақсаттарды, міндеттер мен құқықтық негіздерді айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы