Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 402-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының кеден органдары мен басқа да мемлекеттік органдары арасындағы өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

402-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының кеден органдары мен басқа да мемлекеттік органдары арасындағы өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

402-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының кеден органдары мен басқа да мемлекеттік органдары арасындағы өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі    

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының бақылауына жататын тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары Қазақстан Республикасының басқа да бақылаушы мемлекеттік органдарының әрекеттерін жалпы үйлестіруді және бірлескен актімен айқындалатын тәртіппен бір мезгілде бірлескен бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз етеді. 

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының кеден органдары мен басқа да мемлекеттік органдары ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, кедендік және мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) өзге де түрлерін жүргізу үшін қажетті құжаттармен және (немесе) ақпаратпен (мәліметтермен) алмасады. 

      3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) жүргізілуін жеделдету мақсатында кедендік жете тексеру Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының қатысуымен жүргізілуі мүмкін. Бұл ретте кедендік жете тексеру актісі жасалады. 

      4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының иондаушы сәуле шығару деңгейін тексеру және халықтың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оны табиғи ортамен салыстыру радиациялық бақылау болып табылады. 

      Радиациялық бақылауды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тауарлар мен көлік құралдарын өзге де өткізу орындарда орналасқан кеден органдары радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, автоматты түрде не қолмен тексеру режимінде жүргізеді. 

      Радиациялық бақылауды жүргізу тәртібін уәкілетті орган тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды. 

      5. Кеден органдары өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауға жататын тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілген кезде көрсетілген тауарларға кедендік бақылауды жүзеге асырады. 

      Кеден органдары өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауға жататын тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілуінің алдын алады және жолын кеседі. 

      6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуын тексеру мақсатында жүзеге асырылады және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағын Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларын қоздырушылардың әкелінуі мен таралуынан қорғауға бағытталады. 

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жүзеге асырады. 

      7. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуын тексеру мақсатында жүзеге асырылады және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағын Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын басқа мемлекеттерден карантинді объектілердің әкелінуінен немесе өздігінен енуінен қорғауға бағытталады. 

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті орган ведомствосының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады. 

      8. Адамдар мен тауарларды (жүктерді) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізген кезде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына инфекциялық және паразиттік аурулардың, сондай-ақ адамның денсаулығы үшін ықтимал қауіпті заттар мен өнімдердің әкелінуіне жол бермеу мақсатында жүргізілетін тауарлардың (жүктердің) санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін және адамдардың денсаулық жағдайын бақылау санитариялық-карантиндік бақылау болып табылады. 

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды кеден органдарының лауазымды адамдары уәкілетті орган мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның бірлескен актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады. 

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын басқа мемлекеттерден инфекциялық және паразиттік аурулардың, сондай-ақ адамның денсаулығы үшін ықтимал қауіпті заттар мен өнімдердің әкелінуінің нақты қатері туындаған жағдайда, кеден органдары санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу мақсатында уәкілетті орган мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның бірлескен актісінде айқындалған тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аумақтық органдарды тартады. 

      9. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль, теңіз өткізу пункттерінде және тауарларды өзге де өткізу орындарында, оның ішінде кедендік транзиттің кедендік рәсімі аяқталған кезде тауарларды жеткізу орындарында кеден органдарына жүктелген көліктік бақылау жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру мақсатында жүзеге асырылады. 

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль, теңіз өткізу пункттерінде және тауарларды өзге де өткізу орындарында кеден органдарына жүктелген көліктік бақылауды кеден органдарының лауазымды адамдары уәкілетті орган мен көлік саласындағы уәкілетті органның бірлескен актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады. 

      Ескерту. 402-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 408-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2022 № 173-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 

Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы