⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 409-бап. Конституциялық іс жүргізуді, сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

409-бап. Конституциялық іс жүргізуді, сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

409-бап. Конституциялық іс жүргізуді, сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

1 Iстердiң немесе материалдардың Қазақстан Республикасының Конституциялық сотында, сотта қаралуына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына, судьяға, алқабиге, сол сияқты олардың жақындарына қатысты өлтiрумен, денсаулыққа зиян келтiрумен, мүлкiн бүлдiрумен немесе жоюмен қорқыту –

      төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2 Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жүзеге асырылуына, iстiң немесе материалдардың сотта қаралуына не сот үкiмінiң, шешiмiнің немесе өзге де сот актiсiнің орындалуына байланысты прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына, сол сияқты олардың жақындарына қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет –

      үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3 Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

      1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;

      2) төтенше ахуал кезiнде немесе жаппай тәртiпсiздiктер барысында;

      3) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында;

      4) телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы жасалған іс-әрекет –

      бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4 Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген адамдарға қатысты және себептер бойынша өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану –

      үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

5 Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген:

      1) екі немесе одан да көп адамға қатысты;

      2) кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;

      3) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;

      4) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен;

      5) бірнеше рет;

      6) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;

      7) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;

      8) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет –

      бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

6 Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген адамдарға қатысты және себептер бойынша өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану –

      он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

7 Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген:

      1) екі немесе одан да көп адамға қатысты;

      2) кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;

      3) аса қатыгездікпен жасалған;

      4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;

      5) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен;

      6) бірнеше рет;

      7) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;

      8) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;

      9) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет –

      он екі жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың

нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

 

 

Комментарий к статье 158. Производство или распространение оружия массового поражения УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 158. Производство или распространение оружия массового поражения УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан Производство, приобретение или сбыт химич...

Толық оқу »

276-бап. Сот сараптамасы органының сараптама жүргізуі.Сот сараптамасы органы басшысының құқықтары мен міндеттері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

276-бап. Сот сараптамасы органының сараптама жүргізуі.Сот сараптамасы органы басшысының құқықтары мен міндеттері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi...

Толық оқу »

277-бап. Сот сараптамасы органынан тыс жерде сараптама жүргiзу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

277-бап. Сот сараптамасы органынан тыс жерде сараптама жүргiзу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Егер сараптама жүргізуді сот сараптамасы орган...

Толық оқу »

551-1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

551-1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодек...

Толық оқу »

551-бап. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

551-бап. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі...

Толық оқу »

550-бап. Судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

550-бап. Судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себебі Бі...

Толық оқу »

549-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына, Төрағасының орынбасарына, судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

549-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына, Төрағасының орынбасарына, судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзу ҚР ҚПК Қазақстан Республика...

Толық оқу »

548-бап. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидатқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

548-бап. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидатқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзу ҚР ҚПК Қ...

Толық оқу »

547-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

547-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа д...

Толық оқу »

Комментарий к статье 623. Действия судьи по делу, поступившему с процессуальным соглашением о признании вины, заключенным на стадии досудебного производства Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 623. Действия судьи по делу, поступившему с процессуальным соглашением о признании вины, заключенным на стадии досудебного производстваУголовно-процессуаль...

Толық оқу »

301-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделеу кезінде прокурор шешетін мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

301-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделеу кезінде прокурор шешетін мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

162-бап. Жаппай жою қаруын өндiру, иемдену немесе өткізу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

162-бап. Жаппай жою қаруын өндiру, иемдену немесе өткізу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының халықаралық шартында тыйым салынған химия...

Толық оқу »

407-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

407-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Сот төрелiгiн жүзеге асыруғ...

Толық оқу »

45-бап. Іс бойынша сот ісін жүргiзудi тоқтата тұру және сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

45-бап. Іс бойынша сот ісін жүргiзудi тоқтата тұру және сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыс...

Толық оқу »

179-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

179-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың Сотқа дейі...

Толық оқу »

194-бап. Тергеу, жедел-тергеу тобының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

194-бап. Тергеу, жедел-тергеу тобының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп...

Толық оқу »

188-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзiлетiн жер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

188-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзiлетiн жер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық құқық бұзушылық...

Толық оқу »

423-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерiн жария ету  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

423-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерiн жария ету ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе ж...

Толық оқу »

180-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себептер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

180-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себептер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар болма...

Толық оқу »