Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 41-бап. Айыппұл  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

41-бап. Айыппұл  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

41-бап. Айыппұл  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

 

1 Айыппұл – осы Кодексте көзделген шекте, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген және қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр санына сәйкес келетiн мөлшерде не пара сомасына немесе құнына, берілген ақша сомасына немесе берілген мүлік құнына, жымқырылған мүлік құнына, алынған кіріс сомасына немесе бюджетке түспеген төлемдер сомасына еселенген мөлшерде тағайындалатын ақшалай өндiрiп алу.

2Айыппұл қылмыстық теріс қылықтар үшін – айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі шегінде, қылмыстар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден он мыңға дейінгі шегінде не еселенген мөлшерде белгіленеді.

3 Айыппұл тағайындау кезінде сот оның мөлшері мен төлеу мерзімін қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығын, сотталған адамның мүліктік және отбасылық жағдайын, оның жалақы немесе өзге де кіріс алу мүмкіндігін ескере отырып айқындайды.

4 Айыппұл төлеу мерзімі үкім заңды күшіне енген кезден бастап есептеледі және сот үкімі бойынша үш жылдан аспайды.

5 Сотталған адамның жалақысының кешіктірілуіне немесе төленбеуіне, уақытша еңбекке жарамсыздығына, жұмысынан немесе кірісінен айырылуына байланысты мүліктік жағдайы уақытша нашарлаған жағдайда, сот кейінге қалдыруды бір айдан бір жылға дейінгі мерзімге бере алады. Кейінге қалдыру уақыты сот үкімінде белгіленген, айыппұл төлеу мерзімін есептеуге кірмейді.

6 Айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген кезде сот үкімі (қаулысы) мәжбүрлеп орындауға жатады. Айыппұлдың төленбеген бөлігі:

      1) қылмыстық теріс қылық үшін сотталғандарға – төленбеген бір айлық есептiк көрсеткiш үшін қоғамдық жұмыстардың бір сағаты есебімен қоғамдық жұмыстарға тартумен не төленбеген төрт айлық есептiк көрсеткiш үшін қамаққа алудың бір тәулігі есебімен қамаққа алумен;

      2) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшін сотталғандарға – төленбеген төрт айлық есептік көрсеткіш үшін бас бостандығын шектеудің немесе бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығын шектеумен не бас бостандығынан айырумен;

      3) ауыр қылмыс үшін сотталғандарға – төленбеген төрт айлық есептік көрсеткіш үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығынан айырумен;

      4) еселенген айыппұлға сотталғандарға төленген және өндіріп алынған айыппұл бөлігін ескере отырып, осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабының санкциясы шегінде бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.

7 Аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындау, аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде, сондай-ақ жазаны ауыстыру кезінде айыппұл мөлшері осы бапта белгіленген ең төменгі шектен төмен болуы мүмкін.

 

 

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың

нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің түрлерiн тағайындау жөнiндегi сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы N 7 Нормативтік қаулысы.

Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің түрлерiн тағайындау жөнiндегi сот практикасы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2...

Толық оқу »

Қылмыстық істерді бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 17 нормативтік қаулысы.

Қылмыстық істерді бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 17 нормативтік қаулысы. Істерді бұйрықтық і...

Толық оқу »