410-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотын, сотты құрметтемеу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
1 Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотын, сотты конституциялық іс жүргізуге қатысушыларды, жолданымды қарау кезінде тартылатын өзге де тұлғаларды, олардың өкілдерін, сот талқылауына қатысушыларды қорлаудан көрінген құрметтемеу –
бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2 Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясын, судьяны және (немесе) алқабидi қорлаудан көрiнген дәл сол іс-әрекет –
екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы