⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / Қазақстан Республикасында сот билігі туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамыр N 1 Нормативтік қаулысы.

Қазақстан Республикасында сот билігі туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамыр N 1 Нормативтік қаулысы.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасында сот билігі туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамыр N 1 Нормативтік қаулысы.

"Сот төрелігін жүзеге асыру барысында судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормаларды сот практикасында біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      1. Сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өз қызметтерінде Республикада сот билігінің мемлекеттік билік тармағы ретінде басқа заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарымен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйелері арқылы өзара іс-қимыл жасайтын туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі – Конституция) ережелеріне жүгінуге тиіс екендіктеріне соттардың назары аударылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.      2. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      3. Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде судья тәуелсіз, Конституцияға және заңға ғана бағынысты болуға, объективтілік пен бейтараптылықты сақтауға, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидатының іске асырылуын қамтамасыз етуге тиіс.

      Судья өзі қараған немесе іс жүргізуіндегі сот істеріне мәні бойынша қандай да бір түсініктемелер беруге және өз пікірін білдіруге міндетті емес.

      ӘРПК-нің 16-бабының екінші бөлігіне сәйкес судья әкімшілік істің нақты және (немесе) заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 29.05.2025 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      4. Соттар судьялардың тәуелсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударып, олардың қызметіне араласуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға, судьяларға бақылау жасауға немесе оларға өкілеттіктерінен тыс міндеттер жүктеуге тырысушылықтарға тиым салуға тиіс.

      Соттардың нақты іс бойынша әділ және бейтарап сот төрелігін жүзеге асыруына кедергі келтіру мақсатындағы кез-келген нысандағы іс-әрекеттерді сот қызметіне араласу деп түсінген жөн. Араласудың мұндай түрлеріне, атап айтқанда сот процесінің нақты тарабының пайдасына соттың (судьяның) шешім қабылдауы туралы адамның тікелей нұсқауы немесе жанама өтініші және соттың іс бойынша объективті және бейтарап сот төрелігін жүзеге асыруына кедергі келтіру мақсатында басқа да қасақана жасалған әрекеттер жатқызылуы мүмкін.

      Мемлекеттік органдардың немесе ондағы лауазымды адамдарының сот ісін жүргізуінде жатқан істі бақылауға алуына сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі келтіру мақсатында сот қызметіне араласу деп бағалау керек.

      Мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 407-бабының бірінші, үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

      Соттың үй-жайларында, сот ғимараттарына іргелес аумақтарда және өзге де қоғамдық орындарда сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері бойынша жиналыстарды, митингілерді, демонстрацияларды, шерулерді, пикеттерді не өзге де жария іс-шараларды Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып ұйымдастыру және өткізу, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 488-бабында көзделген құқық бұзушылық ретінде саралануға жатады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.05.2025 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      4-1. "Қазақстан Республикасы Судьялар одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің (бұдан әрі – Судьялар одағы) Жарғысына сәйкес оның қызметінің нысанасы мен негізгі мақсаты басқалармен қатар судьялар қоғамдастығының мүдделерін қорғау, судьялар мәртебесін және олардың тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесу болып табылады.

      Осыған байланысты Судьялар одағына судья жүгінген жағдайда Судьялар одағы Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 58-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес өзінің уәкілетті адамдары арқылы судьяның өкілі болуға және оның мүддесі үшін ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы талап қоюларды сотқа беруге құқылы.

      Ескерту. Нормативтік қаулы 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.      5. Алынып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 8 Нормативтік қаулысымен.

      6. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132-II Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заң) 1-бабының 1-тармағына сәйкес сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға тиісті азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын ешбір басқа органдар, лауазымды және басқа тұлғалар іс жүзінде қарауға немесе бақылауға ала алмайды.

      Осы орайда, соттар әлдебір істерді шешуге байланысты ұсыныстар айтылған мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдардағы лауазымды адамдардың жазбаша немесе ауызша өтініштерін қарамай тастайы тиіс, сонымен қатар қажетті жағдайда ол адамдарды жауапқа тарту туралы мәселе қоюы керек.

      Мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары, жоғарыда көрсетілген заң талаптарына сәйкес, сот істері жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың өтініштері мен арыз-шағымдары бойынша арыз иелеріне сот шешімдеріне арыздардың тек жоғары тұрған сотқа заңмен белгіленген тәртіп бойынша берілетіндігін түсіндірулері қажет.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 8; 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      6-1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген – ҚР Жоғарғы Сотының 29.05.2025 № 2 (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      6-1. Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық заңның 9, 14, 20 және 21-баптарына сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізу соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының ерекше өкілеттіктеріне жатқызылғандықтан, басқа судьялардың азаматтарды қабылдауды жүргізуге құқығы жоқ.

      Соттар төрағаларының және сот алқалары төрағаларының азаматтарды жеке қабылдауы жергілікті соттарда, Жоғарғы Сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте соттың заңнаманы сақтау мәселелері және қаралып отырған іс бойынша болжанатын нәтижелер, жасалған сот актілері және оларды қайта қарау, яғни соттың нақты істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері талқылауға жатпайды.

      Ескерту. Нормативтік қаулы 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      7. Заңды күшіне енген соттың үкімі, шешімі немесе қаулысы, онда көрсетілген нұсқаулық, сондай-ақ сот белгілеген мән-жайлар мен олардың құқылық бағасы бәріне бірдей міндетті.

      Сот шешімін өз бетімен бұрмалауға, кір келтіруге, оның орындалуына кедергі жасауға ешкімнің қақысы жоқ. Сот шешіміне келіспеушілік білдіру, оны жоғары тұрған сотқа шағымдау (наразылық білдіру) тек заңмен белгіленген тәртіп бойынша жүргізілуі тиіс.

      Азаматтардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдарының заңды күшіне енген сот актісін ерікті түрде орындаудан жалтаруы заңда көзделген жауаптылыққа алып келетіні түсіндірілсін.

      Заңды күшіне енген сот актісін орындамау, сондай-ақ оның орындалуына кедергі келтіру жағдайында азаматтар, билік өкілдері мен қызметшілер ҚК-нің 430-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға жатады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.12.30. N 5; 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.05.2025 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      8. Сот талқылауының жариялылық қағидаты барлық адамдардың, оның ішінде қаралатын сот ісі бойынша процеске қатысушы емес адамдардың істі талқылау кезінде қатысуына мүмкіндікті қамтамасыз ету болып табылатынын соттардың назарда ұстағаны жөн. Сондықтан масс-медиа өкілдерінің сот отырысы залына қатысуына және сот отырысының жазбасын жүргізуіне заңсыз тыйым салу жағдайларын жариялылық қағидатына қайшы деп санап, болдырмау қажет.

      "Масс-медиа туралы" 2024 жылғы 19 маусымдағы № 93-VIII Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 2-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын бұзу арқылы сотқа ықпал етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

      Қолданыстағы заңнаманың нормаларына қатысты сот талқылауының нәтижелерін күні бұрын шешу деп бұқаралық ақпарат құралдарының сот процесі тараптарының бірінің ақтығы туралы не соттың белгілі бір шешім шығаруының заңдылығы мен әділдігі туралы тікелей немесе жанама түрде қоғамдық пікір қалыптастыруға бағытталған хабарламаларды таратуын түсіну керек.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 29.05.2025 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      9. Сотқа құрмет көрсетпеушіліктің, егер онда басқа арнаулы әкімшілік тәртіп бұзушылықтың немесе қылмыстың белгісі болмаса, кінәлі деп табылған адамдар ӘҚБтК-нің 653-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын, осыған сәйкес сотқа немесе сот белгілеген тәртіпке көпе-көрінеу менсінбеушілік әрекеттеріне айғақ боларлық кез-келген әрекеттің (әрекетсіздіктің) сотқа құрмет көрсетпеушілік болып табылатынын түсіндіру керек.

      Сотқа құрмет көрсетпеушілік, егер ол судьяның және (немесе) алқабидің қызметтік істерімен байланысты қорлаумен астасып жатса, ҚК-тің 410-бабы екінші бөлімі бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 8, 2011.12.30. N 5; 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      10. Сот істі қарау, оның ішінде бейнебайланыс (онлайн) режимінде қарау кезінде тәртіпті бұзу немесе сотты құрметтемеушілік болған жағдайда тікелей осы сот отырысында өзінің қаулысымен (ұйғарымымен) адамға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 18-тарауында, АПК-нің 188-бабында, ҚПК-нің 346-бабында көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.

      Қылмыстық немесе азаматтық іс бойынша сот талқылауы барысында процеске қатысып отырған адамның тарапынан сотқа құрмет көрсетпеу фактісі анықталған кезде сот ӘҚБтК-нің 684-бабының үшінші бөлігіне сәйкес кінәлі адамды ӘҚБтК-нің 653-бабында көзделген әкішілік жауаптылыққа тартуға құқылы. Сот (судья) мұндай әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауды тиісінше АПК-нің 120-бабында немесе ҚПК-нің 346-бабының бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүргізеді.

      Соттың (судьяның) тікелей сот отырысының залында бұзушыға процестік мәжбүрлеу немесе әкімшілік жаза шараларын қолдану жөніндегі әрекеттері сот отырысының хаттамасында көрсетілуге тиіс. Апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттардың аталған әрекеттері сот отырысының хаттамасында мұндай хаттама заңға сәйкес жүргізілетін жағдайларда ғана тіркеледі.

      Соттың ӘҚБтК-нің 653-бабы бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы шешімі жеке уәжді қаулы түрінде қосымша ресімделеді.

      Сот отырысынан тыс жасалған сотты құрметтемеушілік үшін әкімшілік жазаларды сот ӘҚБтК-нің 684-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген ӘҚБтК-нің нормаларына сәйкес жалпы тәртіппен қолданады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      11. Судья сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңның 39-бабында көзделген негіздер бойынша ғана тәртіптік жауаптылыққа, атап айтқанда:

      1) сот істері мен материалдарын қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін;

      2) судья әдебіне қайшы, мәртебесіне нұқсан келтіретін терiс қылық жасағаны үшiн тартылуы мүмкін.

      Осы негіздермен қатар сот төрағасын (сот алқасының төрағасын) тәртіптік жауаптылыққа тарту үшін Конституциялық заңда көзделген лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамау тағы бір негіз табылады.

      Бұл негіздер тізбесі толық және кеңейте түсіндіруге жатпайды.

      Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңның 39-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңдылықты өрескел бұзу деп судья өзінің адал болмауы немесе ұқыпсыздығы салдарынан жол берген, заңды анық және елеулі түрде бұзуы түсініледі.

      Заңдылықтың өрескел бұзылу фактісін осы негіз бойынша сот актісінің күшін жойған немесе өзгерткен жоғары тұрған сот сатысы анықтайды және істі қараған судьялардың алқа құрамы қол қойған, судьяны заңдылықты өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесі жөніндегі ұсынуда көрсетіледі.

      Жоғарыда көрсетілген норманы ескере отырып судьяны заңдылықты өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесі бойынша ұсыну мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      сот актісінің күшін жоюға немесе оны өзгертуге негіз болған бұзушылықтар және ұсынуда көрсетілген заңдылықты бұзушылықтар бірдей болуы тиіс;

      жол берілген заңдылықты өрескел бұзушылық туралы тұжырымдар ұсынуда уәжделуі тиіс;

      ұсыну күші жойылған немесе өзгертілген сот актісімен бір күні шығарылуы тиіс;

      ұсыну Сот жюриіне енгізіледі.

      Судьяны лауазымынан босату барлық жағдайларда заңда белгіленген тәртіппен және тек заңда көзделген негіздер бойынша жария түрде жүзеге асырылуы тиіс.

      Дәлелдемелерді бағалауға байланысты сот актісінің күшін жою немесе оны өзгерту заңды өрескел бұзу болып табылмайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 29.05.2025 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      12. Судья қауымдастығының органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы және оның жергілікті жерлердегі органдары сот төрелігін іске асыруда сот қызметтеріне араласпау мен тәуелсіздігі принципін қатаң сақтау жағдайында өз қызметтерін жүзеге асыратынын соттар ескеруі тиіс.

      Сонымен бірге, судьялар сот жұмысы мен судьялар мәртебесіне, маңызды мемлекеттік-құқылық мәселелерді шешуде судьялар қоғамдастығы позициясын айқындауға, өздерінің құқығы, ар-ожданы мен абыройын қорғау жөнінде шаралар қабылдауға Қазақстан Республикасының қатысты мәселелер бойынша Судьялар Одағына жүгінуге қақылы.

      Әрбір судья өзінің сот билігінің жүктеушісі болып табылатынын, судьялық антына берік, судьялық ар-ожданың қасиет тұтатынын, сатылмайтынын және тәуелсіз, өз тәртібін қызметте және жеке өмірінде судья этикасының Кодексіне қатаң сәйкестендіріп құратынын үнемі сезініп жүруі тиіс.

      Әрбір судья өз қызметімен заңның үстемдігін, құқық пен әділдіктің салтанат құруын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылысты, мемлекеттік және қоғамдық мүддені қорғауды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге, заңдылық пен демократияның кепілі болуға және зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға міндетті.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқықтың құрамына енгізіледі, жалпыға міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) ; 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

 

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы
      Пленумы хатшысы,
      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

407-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

407-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Сот төрелiгiн жүзеге асыруғ...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 407. Порядок производства по делам частного обвинения Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 407. Порядок производства по делам частного обвиненияУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Производство по делам частного обвинения, к ко...

Толық оқу »

430-бап. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

430-бап. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Заңды күшiне енген сот үкімін,...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 410. Представление и собирание доказательств по инициативе сторон Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 410. Представление и собирание доказательств по инициативе сторонУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Потерпевший, иное лицо, подавше...

Толық оқу »

346-бап. Басты сот талқылауында тәртiптi қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын шаралар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

346-бап. Басты сот талқылауында тәртiптi қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын шаралар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Адам сот отырысында т...

Толық оқу »