Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 429-бап. Істі апелляциялық сатыда қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

429-бап. Істі апелляциялық сатыда қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

429-бап. Істі апелляциялық сатыда қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Осы Кодекстің 29-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, апелляциялық саты істерді ашық сот отырысында қарайды. Төрағалық етуші сот отырысын ашады, қандай іс қаралып жатқанын және кімнің апелляциялық (жекеше) шағымдары немесе прокурордың өтінішхаты бойынша екенін жариялайды. Содан кейін төрағалық етуші сот құрамын, іс бойынша тараптар болып табылатын, қатысып отырған адамдардың тегін, сондай-ақ аудармашылардың тегін жариялайды.

      2. Төрағалық етуші отырысқа қатысатын адамдарға олардың істі апелляциялық сатыда қараған кездегі процестік құқықтарын, оның ішінде процестік келісім немесе медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасу құқықтарын түсіндіреді және тараптардан қарсылық білдірулері мен өтінішхаттарының бар-жоғын сұрайды және егер олар мәлімделсе, олар бойынша процеске қатысушылардың пікірін анықтайды, содан кейін сот осы Кодекстің 344-бабында көзделген тәртіпті сақтай отырып, оларды қарау нәтижелері бойынша қаулы шығарады.

      Егер процеске қатысушы бірінші сатыдағы соттың үкімге, қаулыға апелляциялық шағым жасаудың, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қараудың өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы қаулысының заңдылығын тексеру туралы өтінішхатты мәлімдесе, онда бұл өтінішхат қарсылық білдірулерді шешкен бойда тікелей қаралуға жатады. Апелляциялық саты өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы қаулыны заңсыз деп таныса, оның күшін жою және мерзімі өткізіп алынып берілген шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарады. Егер өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру дұрыс деп танылса, апелляциялық саты шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын осы бапта көзделген тәртіппен қарауды жалғастырады.

      3. Сотқа қосымша материалдарды ұсынған тұлға олардың қандай жолмен алынғанын және оларды ұсыну қажеттігі неге байланысты туындағанын көрсетуге, сондай-ақ бірінші сатыдағы сот жүргізген сот тергеуін толықтыру қажеттігін негіздеуге міндетті. Қосымша материалдарды тергеу әрекеттерін жүргізу жолымен алуға болмайды.

      4. Тараптар іске жаңа материалдарды қосып тігу немесе оларды талап етіп алдыру және зерттеу, сондай-ақ өздері көрсеткен куәлардан, жәбірленушілерден, сарапшылардан, мамандардан жауап алу туралы, бірінші сатыдағы сот тергеуі олқылықтарының орнын толтыруға бағытталған өзге де әрекеттер жасау туралы өтінішхаттарды мәлімдеген жағдайда, сот процеске қатысушылардың пікірін тыңдайды, содан кейін оларды қанағаттандыру немесе қабылдамау туралы қаулы шығарады. Егер апелляциялық саты сот тергеуін жүргізу туралы қаулы етсе, онда тараптардың өз бастамасы бойынша келген куәлардан жауап алу туралы өтінішхаттары қанағаттандырылуға жатады. Егер өтінішхаттарды қанағаттандыруға байланысты процестік келісім немесе медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасу немесе басқа да әрекеттерді орындау үшін уақыт талап етілетін болса, сот үзіліс жариялайды және қажет болғанда істі апелляциялық сатыда қарау мерзімін ұзартады.

      Егер тағайындалған сараптамаларды жүргізу үшін уақыт талап етілсе, сот үзіліс жариялайды және қажет болғанда істі апелляциялық сатыда қарау мерзімін ұзартады.

      5. Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар, тараптар ұсынған немесе олардың өтінішхаттары бойынша талап етіп алынған қосымша материалдарды, алынған сарапшылық қорытындыларды зерттейді, отырысқа шақырылған адамдардан жауап алады.

      Егер бірінші сатыдағы сотта процестік келісім немесе медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған болса, сот көрсетілген келісімдер шегінде заңдылықты тексереді. Істі апелляциялық сатыдағы сот отырысында қараған кезде бірінші сатыдағы сот үкімінің күші заңмен көзделген негіздер бойынша жойылғаннан кейін тараптар бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша процестік келісім немесе медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасай алады.

      6. Сот тергеуін жүргізгеннен кейін сот процеске қатысушылардың сөздерін сот жарыссөздерін жүргізу қағидалары бойынша тыңдайды, олар өз шағымдарының, прокурор өтінішхаттарының не оларға қарсылықтарының уәждері мен дәлелдерін баяндайды. Тараптар өз сөздерінде бірінші сатыдағы сот зерттеген материалдарға да, апелляциялық сатыда зерттелген қосымша материалдарға да сілтеме жасауға құқылы. Шағымды берген, прокурордың өтінішхатын келтірген процеске қатысушы бірінші болып сөз сөйлейді, егер олар бірнешеу болса, сот олардың пікірлерін ескере отырып, олардың сөз сөйлеу кезектілігін белгілейді. Егер шағымда, прокурордың өтінішхатында сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылса, қорғаушы тарап айыптаушы тараптың сөзі тыңдалғаннан кейін сөз сөйлейді.

      7. Апелляциялық сатыдағы сотқа қатысатын прокурор қаралып жатқан апелляциялық шағымдар бойынша пікірін айтады, прокурордың өтінішхатында көрсетілген дәлелдерді баяндайды, іс бойынша жасалған сот актілерінің заңдылығы туралы қорытынды береді, сондай-ақ қажет болған жағдайларда мемлекеттік айыптауды қолдайды.

      8. Апелляциялық сатыдағы сот жаңа дәлелдемелерді зерттеген, сотталған (ақталған) адамнан, куәдан, жәбірленушіден, сарапшыдан, маманнан және басқа да адамдардан жауап алған кезде сот отырысының хаттамасы жүргізіліп, ол осы Кодекстің 347-бабының талаптарына сәйкес ресімделеді. Апелляциялық сатының отырысында жауап алынған тараптар мен адамдар сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған осы Кодекстің 348-бабында көзделген тәртіппен өздерінің ескертулерін беруге құқылы. Хаттамаға берілген ескертулер осы Кодекстің 349-бабында көзделген тәртіппен қаралады.

      9. Сот отырысының тәртіптемесі және оны бұзушыларға қатысты қолданылатын шаралар осы Кодекстің 345346-баптарының қағидаларымен айқындалады. Кеңесу бөлмесінде шешімдер қабылдау тәртібі осы Кодекстің 389-бабының қағидаларымен айқындалады.

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

414-бап. Үкімдерге, қаулыларға апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру құқығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

414-бап. Үкімдерге, қаулыларға апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру құқығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Ескерту. 4...

Толық оқу »

418-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру мерзiмдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

418-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру мерзiмдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Ескерту. 418-баптың тақыры...

Толық оқу »

417-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

417-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Үкім, қаулы шығарған сот а...

Толық оқу »

425-бап. Iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

425-бап. Iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Iс келiп түскен күнінен бастап бір айдан кешiктiрiлмей апелля...

Толық оқу »

426-бап. Істі апелляциялық сатыда қараудың шектері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

426-бап. Істі апелляциялық сатыда қараудың шектері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот үкімнің, сот қаул...

Толық оқу »

428-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын тағайындау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

428-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын тағайындау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Апелляциялық сатыдағы сот шағымдары, прокурордың өтінішх...

Толық оқу »

430-бап. Апелляциялық сатының өкілеттіктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

430-бап. Апелляциялық сатының өкілеттіктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Апелляциялық шағыммен немесе прокурордың өтінішхатымен бірге келіп...

Толық оқу »

445-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың үкімін, қаулысын орындауға енгізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

445-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың үкімін, қаулысын орындауға енгізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Апелляциялық сатының үкімі немесе қау...

Толық оқу »

446-бап. Істі апелляциялық сатыда қайтадан қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

446-бап. Істі апелляциялық сатыда қайтадан қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Егер: 1) белгіленген мерзімде берілген, кейбір сотталғанда...

Толық оқу »

662-бап. Алқабилер қатысатын сот қараған iстерді апелляциялық сатыда жүргiзу ерекшелiктерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

662-бап. Алқабилер қатысатын сот қараған iстерді апелляциялық сатыда жүргiзу ерекшелiктерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Апелляциялық сатыд...

Толық оқу »

419-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру мерзiмін қалпына келтiру тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

419-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру мерзiмін қалпына келтiру тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. А...

Толық оқу »

102-бап. Шағымдарды берудiң мерзiмдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

102-бап. Шағымдарды берудiң мерзiмдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Анықтаушының, анықтау органының, тергеушiнiң, прокурордың, судьяның немес...

Толық оқу »

427-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын дайындау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

427-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын дайындау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Егер шағымдардағы, прокурордың өтінішхаттарындағы дәлелдер...

Толық оқу »