43-бап. Қаржы басқарушысының қорытынды есебі және қорытындысы Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы
1. Кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін қаржы басқарушысы:
1) белгіленген нысан бойынша қорытынды есепті;
2) белгіленген нысан бойынша банкроттың міндеттемелерін тоқтатуға негіздердің бар немесе жоқ екендігі туралы қорытындыны жасайды.
2. Қаржы басқарушысы осы Заңның 37-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде сотқа қорытынды есепті, банкроттың міндеттемелерін тоқтатуға негіздердің бар немесе жоқ екендігі туралы қорытындыны жібереді.
Қаржы басқарушысы қорытынды есеп пен қорытындының көшірмесін борышкерге, кредиторларға және уәкілетті органға бір мезгілде жібереді.
Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматы төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға арналған негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы