19-бап. Соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді міндеттемелерден босату Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы
1. Осы Заңның 18-бабына сәйкес соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату үшін негіздер болмаған кезде "электрондық үкімет" веб-порталында борышкер туралы мәліметтер орналастырылған күннен бастап алты ай өткен соң уәкілетті орган соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарады. Шешім уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша шығарылады және "электрондық үкімет" веб-порталында орналастырылуға тиіс.
2. Борышкердің осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген, олар туралы мәліметтер кредиттік бюролардың дерекқорында көрсетілген кредиторлар алдындағы міндеттемелері соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы хабарландыру "электрондық үкімет" веб-порталында орналастырылған күннен бастап тоқтатылады.
3. Соттан тыс банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жыл бойы банкротқа қарыздар (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа) берілмейді, сондай-ақ одан банктік қарыз және микрокредит беру шарттары бойынша кепіл, кепілдік және кепілгерлік түріндегі қамтамасыз ету қабылданбайды.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматы төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға арналған негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы