43-бап. Техникалық нормалау саласындағы бейінді техникалық комитеттердің қызметі Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі
1. Техникалық нормалау саласындағы бейінді техникалық комитеттерді мемлекеттік нормативтік құжаттарды жетілдіру процесіне құзыретті мамандар мен практиктерді тарту мақсатында сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.
Техникалық нормалау саласындағы бейінді техникалық комитеттер құрылыстағы техникалық нормалау ұлттық институтының жанынан құрылады және жұмыс істейді.
Техникалық нормалау саласындағы бейінді техникалық комитеттердің ережесі мен жұмыс тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
2. Техникалық нормалау саласындағы бейінді техникалық комитеттер өздеріне бекітіліп берілген техникалық нормалау объектілеріне сәйкес:
1) нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу, қайта өңдеу, оларға өзгерістер енгізу және олардың күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
2) қызметтің тиісті бағыттары бойынша нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеуге және қайта өңдеуге қатысады;
3) халықаралық және өңірлік ұйымдардың техникалық нормалау саласындағы техникалық комитеттерінің (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) жұмысына қатысады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды орындайды.
3. Осы баптың қолданысы "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында реттелетін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі.
Осы Кодекс Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,
адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
42-бап. Құрылыстағы техникалық нормалау ұлттық институты Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі
1. Мемлекеттік нормативтік құжаттарды жетілдіру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган конкурстық негізде құрылыстағы техникалық нормалау ұлттық институты ретінде ұйымды айқындайды.
2. Құрылыстағы техникалық нормалау ұлттық институты ретінде ұйымды айқындау бойынша конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
3. Құрылыстағы техникалық нормалау ұлттық институты:
1) мемлекеттік нормативтік құжаттарды жетілдіру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізеді;
2) жетілдіруге жататын мемлекеттік нормативтік құжаттардың перспективалық номенклатурасын қалыптастырады және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады, тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың жоспарларына техникалық регламенттер мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу және қайта өңдеу бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) мемлекеттік нормативтік құжаттарды жетілдіру жөніндегі жұмыстарды орындайды;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде техникалық нормалау жөніндегі қызметті техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
5) нормативтік техникалық құжаттардың қорын қалыптастырады, осы мақсаттарда мемлекеттік органдармен және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы өзге де техникалық нормалау субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды, бекітілген нормативтік техникалық құжаттың бір данасын, сондай-ақ нормативтік техникалық құжаттың қабылданғаны, өзгерістер енгізілгені, күші жойылғаны туралы мәліметтерді "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорында орналастыру үшін Стандарттау жөніндегі ұлттық органға ұсынады.