Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 44-1-бап. Сот жюриінің шешімдері Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

44-1-бап. Сот жюриінің шешімдері Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

44-1-бап. Сот жюриінің шешімдері Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы 

      1. Сот жюриі тәртіптік істі қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:

      1) осы Конституциялық заңның 40-бабының 1-тармағында көзделген тәртіптік жазаны қолдану туралы;

      2) тәртiптiк iс жүргiзудi тоқтату туралы.

      2. Сот жюриінің шешімі Жоғары Сот Кеңесінің төрағаны, сот алқасының төрағасын және судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.

      3. Сот жюриінің шешіміне судья Жоғары Сот Кеңесіне шағым жасауы мүмкін.

      ҚР Конституциялық Сотының 21.04.2023 № 10 нормативтік қаулысымен "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабының 4-тармағы, 44-1-бабының 3-тармағы және "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағына сәйкес келеді деп танылды.

      4. Жоғары Сот Кеңесінің сот төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы ұсыным беруден бас тартуы не Жоғары Сот Кеңесінің судьяға қандай да бір тәртіптік жаза қолданудың негізсіздігі туралы шешімі Сот жюриі шығарған шешімнің күшін жояды және тәртіптік іс қайта қарауға жіберіледі.

      Сот жюриі шешімінің күші жойылған кезде Жоғары Сот Кеңесі Сот жюриіне осы Конституциялық заңның 40-бабының 1-тармағында көзделген өзге тәртіптік жазаны қолдануды не судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізуді тоқтатуды ұсынуға құқылы. 

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы