456-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің апелляциялық сатысы үкімінің, қаулысының күшін жоюға немесе өзгертуге негіздер
Апелляциялық сатыдағы үкімнің, қаулының күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылады:
1) қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;
2) қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзу;
3) үкімнің әділетсіздігі.
Қолданыстағы ҚІЖК апелляциялық сот сатысы үкімінің, қаулысының күшін жоюға немесе өзгертуге негіздердің толық тізбесін көздейді.
Сол сияқты, күшін жоюға және өзгертуге сол негіздер бірінші сатыдағы соттың үкімдеріне, қаулыларына да жатқызылуы тиіс.
Көрсетілген негіздердің мазмұны осы Кодекстің жекелеген баптарында ашылған ( ҚІЖК-нің 457-459-баптарына түсініктемені қараңыз).
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексіне түсініктемесі
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы