Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 46-6-бап. Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шарт Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңы

46-6-бап. Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шарт Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

46-6-бап. Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шарт Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңы 

       1. Венчурлік қор немесе қызметі үшін венчурлік қаржыландыру ұсынылатын тұлға болып табылатын шаруашылық серіктестікке қатысушылар шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шарт жасасуға құқылы, осы шарт бойынша олар белгілі бір түрде өз құқықтарын жүзеге асыруға және (немесе) көрсетілген құқықтарды жүзеге асырудан тартынуға (бас тартуға), оның ішінде шаруашылық серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысында белгілі бір түрде дауыс беруге, дауыс беру нұсқасын шаруашылық серіктестікке басқа да қатысушылармен келісуге, үлесті немесе үлестің бір бөлігін осы шартта айқындалған баға бойынша және (немесе) белгілі бір мән-жайлар басталған кезде сатуға не белгілі бір мән-жайлар басталғанға дейін үлесті немесе үлестің бір бөлігін иеліктен шығарудан тартынуға (бас тартуға), сондай-ақ серіктестікті басқаруға, құруға, оның қызметіне, қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты өзге де әрекеттерді келісе отырып жүзеге асыруға міндеттенеді. Мұндай шарт тараптар қол қойған бір құжат жасау жолымен жазбаша нысанда жасалады.  

      2. Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шарт (оның бір бөлігі немесе бөліктері): 

      1) шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шарт (оның бір бөлігі немесе бөліктері) жасалған мерзім өткен; 

      2) шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы бұрын жасалған шарттың (оның бір бөлігінің немесе бөліктерінің) ережелері қайшы келетін немесе шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы бұрын жасалған шартты (оның бір бөлігін немесе бөліктерін) қамтитын, шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы жаңа шарт жасалған; 

       3) шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шартта көзделген өзге де жағдайларда өз қолданысын тоқтатады.  

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге мүліктен бөлек, қатысушылардың серіктестікке қаржы қарыздары бойынша талап ету құқықтары венчурлік қор болып табылатын шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салым болуы мүмкін. 

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы акционерлік инвестициялық қордың құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет ету, қайта ұйымдастырылу және таратылу ерекшелiктерiн, инвестициялық пай қорының құрылу, жұмыс iстеу және жұмыс iстеуiн тоқтату шарттары мен тәртібін, венчурлік қорлардың құқықтық жағдайы мен қызмет ету ерекшеліктерін айқындайды, бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылардың инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне байланысты қатынастарды реттейдi, сондай-ақ инвестициялық қорларды мемлекеттік реттеу тәртібін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

59-бап. Шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салым салу. Шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталындағы және мүлкiндегi қатысушының үлесi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

59-бап. Шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салым салу. Шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталындағы және мүлкiндегi қатысушының үлесi Қазақстан Республикасының...

Толық оқу »

3-бап. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы

3-бап. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы      1. Азаматтар ғана толық серiктестiкке қатысушылар және сенiм серiктестiгiндегi толық с...

Толық оқу »

7-бап. Қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi  Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы

7-бап. Қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы      1. Барлық қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiндегi үл...

Толық оқу »

9-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң тоқтатылуы  Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы

9-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң тоқтатылуы Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы      1. Шаруашылық серiктестiгi:      1) шаруашылық серiктестiгiнiң құрылған мерзiмi өткен...

Толық оқу »

8-2-бап. Шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы құжаттар Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы

8-2-бап. Шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы құжаттар Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы      1. Шаруашылық серіктестігінің қызметіне қатысты құжаттарды серіктестік...

Толық оқу »

Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық капиталдағы барлық қатысушылардың үлестері және тиісінше олардың шаруашылық серіктестігі мүлкінің құнындағы үлестері (мүліктегі үлесі) олардың жарғылық капиталға салымдарына барабар.

Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық капиталдағы барлық қатысушылардың үлестері және тиісінше олардың шаруашылық серіктестігі мүлкінің құнындағы үлестері (мү...

Толық оқу »

59-бапқа түсініктеме. Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салым. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталындағы және мүлкіндегі қатысушының үлесі

59-бапқа түсініктеме. Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салым. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталындағы және м...

Толық оқу »

61-бап. Шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

61-бап. Шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың: 1) құрылтай құ...

Толық оқу »

61-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі шаруашылық серіктестігі қатысушыларының құқықтары мен міндеттері

61-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі шаруашылық серіктестігі қатысушыларының құқықтары мен міндеттері Серіктестікке қатысушылардың құқықтары жеке...

Толық оқу »

6-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталы  Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы

6-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталы Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы      1. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын оған қатысушылар салымдарының...

Толық оқу »

4-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары. Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттiк тiркеу

4-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары. Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттiк тiркеу      1. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен жарғ...

Толық оқу »