Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 46-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

46-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

46-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар: 

      1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган; 

      2) бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын сақтауын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын астананың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы. 

      2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы (осы бап үшін бұдан әрі – бақылау) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. 

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады. 

      3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалауы (осы бап үшін бұдан әрі – қадағалау) әкімшілік іс жүргізу қозғамай, бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын осы Кодекстің 50-бабында көзделген жедел ден қою шараларын қолдану құқығымен жүзеге асыратын астананың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының қызметі болып табылады. 

      Мыналар бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) болып табылады: 

      1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар; 

      2) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптары қолданылатын жеке және заңды тұлғалар. 

      4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауына мыналар жүктеледі: 

      1) салынып жатқан (реконструкцияланатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, күрделі жөнделетін) және пайдалануға берілген құрылыс объектілерін мониторингтеу; 

      2) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын бұзуға жол берген не мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоймаған бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шараларды қабылдау; 

      3) бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру; 

      4) сәулет, қала құрылысы, құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарды, мемлекеттік сараптама ұйымдарын және (немесе) сараптама ұйымдарын анықталған рұқсат алмай не заңсыз тұрғызылып жатқан (тұрғызылған) құрылыс объектілері жөнінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабар беру; 

      5) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы анықтаған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтар ауыртпалығын салу қажеттілігі туралы хабар беру. 

      Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауынан ақпарат алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтар ауыртпалығын салуға міндетті. 

      Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органның анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы растауы жылжымайтын мүлікке құқықтар ауыртпалығын алып тастау үшін негіз болып табылады. 

      5. Жоспардан тыс тексерулер жүргізуді қоспағанда, осы Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген объектілер мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын астананың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы тарапынан мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауына жатпайды.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

Осы Кодекс Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы