Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 46-бап. Президенттiң, Парламент, мәслихаттар депутатының куәлiгi мен төсбелгiсi, әкімнің және өзге де жергiлiктi өзi-өзi басқару органы мүшесiнiң куәлiгi Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

46-бап. Президенттiң, Парламент, мәслихаттар депутатының куәлiгi мен төсбелгiсi, әкімнің және өзге де жергiлiктi өзi-өзi басқару органы мүшесiнiң куәлiгi Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

46-бап. Президенттiң, Парламент, мәслихаттар депутатының куәлiгi мен төсбелгiсi, әкімнің және өзге де жергiлiктi өзi-өзi басқару органы мүшесiнiң куәлiгi Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 

      Ескерту. 46-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 24.05.2021 № 41-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

      1. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезде Президентке тиiстi куәлiгi мен Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген үлгiдегi омырауға тағатын белгiнi тапсырады.

      2. Орталық сайлау комиссиясы Республика Парламентi депутаттарын сайлау қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейiн әрбiр депутатқа куәлiгi мен ол белгiлеген үлгiдегi омырауға тағатын белгiсiн тапсырады.

      3. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы бұқаралық ақпарат құралдарында:

      1) мәслихаттар депутаттарының тізімі жарияланғаннан кейін - олардың әрқайсысына мәслихат депутаттарының куәлiгiн және Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген үлгiдегi омырауға тағатын белгiнi бередi;

      2) әкімдердің, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің тізімі жарияланғаннан кейін – олардың әрқайсысына әкімнің, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органы мүшесінің Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген үлгiдегi куәлiгiн бередi. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы