Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 463-бап. Машиналарды жүргiзу немесе пайдалану қағидаларын бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

463-бап. Машиналарды жүргiзу немесе пайдалану қағидаларын бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

463-бап. Машиналарды жүргiзу немесе пайдалану қағидаларын бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

1 Жауынгерлік, арнаулы немесе көлiктік машинаны жүргiзу немесе пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзу –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2 Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3 Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4 Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың

нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

 

 

391-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК машиналарын жүргізу немесе пайдалану қағидаларын бұзу

391-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК машиналарын жүргізу немесе пайдалану қағидаларын бұзу 1. Адам денсаулығына абайсызда ауыр немесе орта...

Толық оқу »

Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстер бойынша сот тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 қазандағы N 6 Нормативтік қаулысы.

Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстер бойынша сот тәжірибесі туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 қазандағы N 6 Нормативтік қаулысы. Ескерт...

Толық оқу »