Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 47-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

47-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

47-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдарға мыналар жатады: 

      1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары; 

      2) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторлары. 

      2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестатталуға тиіс. 

      Мемлекеттік құрылыс инспекторларының сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысандағы төсбелгілері болады. 

      Мемлекеттік құрылыс инспекторына төсбелгі аттестаттау рәсімінен өткеннен кейін беріледі. 

      Мемлекеттік құрылыс инспекторының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыруы кезінде оның жұмысына ешкім араласуға құқылы емес. 

      Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қызметіне араласу не қызметіне кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді. 

      3. астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік құрылыс инспекторларына қойылатын біліктілік талаптары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісілуге тиіс. 

      4. Мемлекеттік құрылыс инспекторлары: 

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде және осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыруға; 

      Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері жол берген мемлекеттік нормативтік құжаттар мен талаптарды (шарттарды, шектеулерді) бұзу себептерін анықтауға және талдауға; 

      сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге; 

      құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдап алу сатысына қатысуға міндетті.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

Осы Кодекс Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы