Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 47-бап. Құпиялықты сақтау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

47-бап. Құпиялықты сақтау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

47-бап. Құпиялықты сақтау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында осы Кодексте және басқа да заңнамада көзделген, мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, алынатын мәлiметтердi қорғау жөнiндегi шаралар қолданылады.

      2. Қылмыстық процестi жүргізетін орган мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi хабарлауды немесе беруді ұсынған тұлғалар көрсетiлген талапты орындаудан мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау қажеттiгiне сiлтеме жасай отырып бас тарта алмайды. Қылмыстық процестi жүргізетін орган тұлғадан көрсетілген хабарларды немесе мәліметтерді алғанға дейін тиісті процестік әрекеттің хаттамасында жазба жасауға және тұлғадан көрсетілген мәліметтерді қылмыстық іс бойынша іс жүргізу үшін ғана алу қажеттілігі туралы және алынған мәліметтерге қатысты құпиялықты заңда көзделген тәртіппен сақтау туралы қол қойдыра отырып, онымен таныстыруға міндетті.

      3. Қылмыстық процеске қатысушыларды мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерге жіберу тәртiбi заңнамада айқындалады.

      4. Егер алқабилер қатысатын сот қарайтын қылмыстық iстiң материалдарында мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтер болған жағдайда, ссот әкімшілігі саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган төрағалық етушінің жазбаша өкiмi бойынша алқабилерді мемлекеттік құпияларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жіберудi ресiмдейдi.

      5. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қамтитын дәлелдемелер соттың жабық отырысында зерттеледi.

      6. Заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын, сондай-ақ жеке өмiрдiң интимдік жақтарын ашатын мәлiметтерді қамтитын дәлелдемелер көрсетілген мәлiметтердiң жариялану қаупi төнген адамдардың өтінішхаты бойынша соттың жабық отырысында зерттелуi мүмкiн.

      7. Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты бұзудың, жеке немесе отбасылық құпияны жариялаудың салдарынан адамға келтiрiлген зиян заңда көзделген тәртiппен өтелуге жатады.

      8. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiнiң құпиялығын сақтау тәртiбi осы Кодекстiң 201-бабында айқындалады.

      9. Істегі қылмыстық процеске қатысушыларға табыс етілуге жататын, мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтер бар процестік құжаттардың көшірмелері олармен танысқаннан кейiн iспен бiрге сақталады және сот отырысы кезiнде қылмыстық процеске қатысушыларға табыс етіледі.

      10. Сот үкімде немесе қаулыда мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын іс материалдарына сілтеме жасай отырып, олардың мазмұнын ашпайды.

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

24-3-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы

24-3-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы      1. Сыбайлас же...

Толық оқу »

Заң шығарушы құпиялылық туралы шартқа (келісімге) ақпаратты сатып алу туралы шартты (келісімді) жатқызады.

Заң шығарушы құпиялылық туралы шартқа (келісімге) ақпаратты сатып алу туралы шартты (келісімді) жатқызады.Мәселен, "Г" АҚ "Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқ...

Толық оқу »

25-бап. Жәбірленушілерге көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде құпиялылықты сақтау Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

25-бап. Жәбірленушілерге көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде құпиялылықты сақтауТұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы      Жәбірленушілердің жеке және отбасылы...

Толық оқу »

17-бап. Қорғалатын адамдар туралы мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз ету Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Заңы

17-бап. Қорғалатын адамдар туралы мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз ету Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Заңы      Қауіпсіздік шараларын жүз...

Толық оқу »

8-бап. Ұсынылатын деректердің құпиялылық және қорғалу кепілдіктерін қамтамасыз ету Мемлекеттік статистика туралы Заңы

8-бап. Ұсынылатын деректердің құпиялылық және қорғалу кепілдіктерін қамтамасыз етуМемлекеттік статистика туралы Заңы      1. Бастапқы статистикалық деректер құпия болып табыла...

Толық оқу »

180-бап. Апелляциялық комиссия шағымды қараған кезде ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Экология кодексі

180-бап. Апелляциялық комиссия шағымды қараған кезде ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Экология кодексі Мемлекеттік құпиялар, коммерциялық және...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 47-бабына түсініктеме. Құпиялылықты сақтау

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 47-бабына түсініктеме. Құпиялылықты сақтау1. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында осы Кодексте және өзге де заңнамада көз...

Толық оқу »