Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 47-бабына түсініктеме. Құпиялылықты сақтау

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 47-бабына түсініктеме. Құпиялылықты сақтау

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 47-бабына түсініктеме. Құпиялылықты сақтау

1. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында осы Кодексте және өзге де заңнамада көзделген мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғау жөніндегі шаралар қабылданады.

2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді хабарлауды немесе ұсынуды ұсынған адамдар көрсетілген талапты мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау қажеттігіне сілтеме жасай отырып орындаудан бас тарта алмайды. Қылмыстық процесті жүргізетін орган адамнан көрсетілген хабарламаларды немесе мәліметтерді алғанға дейін тиісті процестік әрекеттің хаттамасына осы мәліметтерді одан тек қылмыстық іс бойынша іс жүргізу үшін ғана алу қажеттігі және алынған мәліметтерге қатысты заңда көзделген тәртіппен құпиялылықтың сақталуы туралы жазба енгізуге және онымен адамды қол қойғызу арқылы таныстыруға міндетті.

3. Қылмыстық процеске қатысушыларды мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге жіберу тәртібі заңнамамен айқындалады.

4. Егер алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істің материалдарында мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер болса, сот қызметін материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган төрағалық етушінің жазбаша өкімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алқабилердің мемлекеттік құпияларға рұқсатын ресімдейді.

5. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын дәлелдемелер соттың жабық отырысында зерттеледі.

6. Заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын, сондай-ақ жеке өмірдің интимдік жақтарын ашатын дәлелдемелер көрсетілген мәліметтердің жария етілуіне қауіп төнетін адамдардың өтінішхаты бойынша соттың жабық отырысында зерттелуі мүмкін.

7. Жеке өмірге қол сұғылмаушылықтың бұзылуы, жеке немесе отбасылық құпияның жария етілуі нәтижесінде адамға келтірілген зиян заңда көзделген тәртіппен өтелуге жатады.

8. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерінің құпиялылығын сақтау тәртібі осы Кодекстің 201-бабымен айқындалады.

9. Қылмыстық процеске қатысушыларға табыс етілуге жататын, құрамында мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер бар істегі процестік құжаттардың көшірмелері олармен танысқаннан кейін іс материалдарында сақталады және қылмыстық процеске қатысушыларға сот отырысы уақытында беріледі.

10. Сот үкімде немесе қаулыда мемлекеттік құпиялар мен заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын іс материалдарына сілтеме жасай отырып, олардың мазмұнын ашпайды.

Түсіндіріліп отырған бап қылмыстық процестің маңызды қырларының бірі — оның құпиялылығына, яғни қылмыстық процеске қатысушы болып табылмайтын адамдар үшін белгілі бір дәрежеде жабық, құпия болуына қатысты жалпы тәсілдерді реттейді. Бұл қылмыстық процестің, әсіресе түпкілікті сот немесе өзге де шешім әлі шығарылмаған қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің әбден қалыпты көрінісі болып табылады. Мұндай құпиялылық орынды, өйткені ол қылмыстық процесті жүргізетін органдарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдар тарапынан болатын қарсылыққа, сондай-ақ қылмыстық топтардың қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы міндеттерді тиімді шешуге кедергі келтіру мақсатында әртүрлі деңгейдегі қылмыстық тактиканы пайдалануына байланысты туындайды. Осыған орай, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңы құқық қорғау органдары қызметкерлерін мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның ішінде мемлекеттік қызмет тоқтатылғаннан кейін заңда белгіленген кезең ішінде сақтауға міндеттейтіні, бұл жөнінде олардан қолхат алынатыны; қызметтік өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған азаматтардың жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты мәліметтерді құпия сақтауға және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпаратты беруді талап етпеуге міндеттейтіні толықтай орынды (16-баптың 1-тармағының 9—10) тармақшалары). Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың лауазымды адамдары да жататын барлық мемлекеттік қызметшілерге осындай міндеттерді Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы жүктейді (3-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы, 10-баптың 10—11) тармақшалары).

ҚР ҚПК-нің түсіндіріліп отырған 47-бабының нормалары мемлекеттік құпиялар мен заңмен қорғалатын өзге де құпияларды ажыратады және тиісінше қылмыстық процесте олармен жұмыс істеудің әртүрлі тәсілдерін белгілейді. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңында мемлекеттік құпияларға мынадай анықтама берілген — бұл тиімді әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру және жалпыға бірдей танылған халықаралық құқық нормаларына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру мақсатында мемлекет таратуын шектейтін, мемлекеттік және қызметтік құпияларды құрайтын, мемлекет қорғайтын мәліметтер.

Өз кезегінде, мемлекеттік құпия — жария етілуі немесе жоғалуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтіретін немесе келтіруі мүмкін әскери, экономикалық, саяси және өзге де сипаттағы мәліметтер; қызметтік құпия — мемлекеттік құпияның құрамына кіруі мүмкін жекелеген деректер сипатындағы, жария етілуі немесе жоғалуы мемлекеттің ұлттық мүдделеріне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін мәліметтер. Сондай-ақ заңға сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің құпиялылық дәрежесі көрсетілген мәліметтерді тарату салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның ауырлық дәрежесіне сәйкес келуге тиіс. Осыған байланысты заңда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің үш құпиялылық дәрежесі және осы дәрежелерге сәйкес көрсетілген мәліметтердің жеткізгіштеріне қойылатын құпиялылық белгілері белгіленеді: «аса маңызды», «өте құпия» және «құпия». Мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерге «аса маңызды», «өте құпия» деген құпиялылық белгілері беріледі. Қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерге «құпия» деген құпиялылық белгісі беріледі (құпиялылық белгісі — мәліметтердің жеткізгішіндегі мәліметтердің құпиялылық дәрежесін куәландыратын, жеткізгіштің өзіне және (немесе) оған ілеспе құжаттамаға қойылатын деректемелер) (1, 18-баптар). Осы Заңмен Республика мемлекеттік құпияларына жатқызылатын мәліметтердің нақты түрлері де айқындалады: әскери салада, экономика, ғылым мен техника саласында, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық салаларда, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру және өзге де қызмет салаларында (11—14-баптар). Мемлекеттік құпияны «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Заңның 14-бабының 3-тармағына сәйкес жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру, нақты жедел-іздестіру іс-шаралары, ақпарат алу көздері мен тәсілдері туралы мәліметтер де құрайды. Мемлекеттік құпияларға жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу әдістері, оларды жүргізетін адамдар, оның ішінде құпия негізде және жасырын нысанда қызметті жүзеге асыратын адамдар туралы мәліметтер де жатады және жария етуге жатпайды (ҚПК-нің 241-бабының 2-бөлігі). Құпиялылық пен жасырындық — қарсы барлау қызметінің қағидаттарының бірі (Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 28 желтоқсандағы «Қарсы барлау қызметі туралы» Заңының 4-бабының 5) тармақшасы). Мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтердің жеткізгіштеріне ҚР Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттары да жатады (2002 жылғы 3 шілдедегі «Геодезия және картография туралы» Заңның 12-бабының 7-тармағы) және т.б.

3. Өз кезегінде, «заңмен қорғалатын өзге де құпиялар» деген тіркес әртүрлі заңдардың нормаларымен реттелетін мәселелерге жатады. Олардың қатарына банк құпиясы (АК-нің 745-бабы, 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 50-бабы); нотариаттық іс-әрекеттердің құпиясы (1997 жылғы 14 шілдедегі «Нотариат туралы» Заңның 3-бабы); адвокаттық құпия (2018 жылғы 5 шілдедегі «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның 37-бабы); жеке тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдарына ұсынатын мәліметтері (активтері мен міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы) (2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 11-бабының 12-тармағы); кредиттік серіктестік жүргізетін операциялардың құпиясы (2003 жылғы 28 наурыздағы «Кредиттік серіктестіктер туралы» Заңның 21-бабы); бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын мәліметтер (2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңның 41—43-баптары); абоненттер туралы қызметтік ақпарат (2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» Заңның 2-бабының 2-тармағы); сақтандыру құпиясы (АК-нің 830-бабы); қызметтік және коммерциялық құпия (АК-нің 126-бабы); кәсіпкерлік субъектісі қызметінің коммерциялық құпиясы (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 28-бабы); коммерциялық құпия шеңберіндегі бухгалтерлік есептің бастапқы құжаттары мен тіркелімдерінің мазмұны (2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңның 12-бабы); салық құпиясы (2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық кодексінің 30-бабы); адамның дәрігерлік құпия шеңберінде тексерілуі және (немесе) емделуі кезінде алынған мәліметтер (2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 95-бабы); кеден органдары кеден ісі саласында алған ақпарат (2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодекстің 19-бабы); бала асырап алу (қыз асырап алу) құпиясы (2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 102-бабы) және т.б.

Заңмен қорғалатын өзге де құпиялармен қатар заңнамада мұндай құпияларға жатпайтын мәліметтердің сипаты туралы тікелей нұсқаулар да бар, демек, қылмыстық процесті жүргізетін органдар бұл туралы білуге тиіс. Мысалы, коммерциялық құпияның нысанасына коммерциялық емес ұйым кірістерінің мөлшері мен құрылымы, сондай-ақ коммерциялық емес ұйым мүлкінің мөлшері мен құрамы, оның шығыстары, қызметкерлерінің саны мен құрамы, олардың еңбегіне ақы төлеу, коммерциялық емес ұйым қызметінде азаматтардың өтеусіз еңбегін пайдалану туралы мәліметтер жатпайды (2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңның 41-бабының 4-тармағы); тиісті жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептілігіне жасалған аудиторлық есеп (2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 54-бабының 2-тармағы); үлестес тұлғалар туралы мәліметтер (2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 67-бабының 1-тармағы) және т.б.

Жалпы алғанда, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтермен жұмыс істеу процесі, әдетте, тергеу немесе сот әрекеттерін жүргізу кезінде, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізетін органдар тиісті тәртіппен ресімдеген жазбаша сұрау салулар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Мәселен, қылмыстық процесті жүргізетін органдар жеке және заңды тұлғалардан, лауазымды адамдардан, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардан іс үшін маңызы бар құжаттар мен заттарды беруді, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді беру және жария ету тәртібін сақтай отырып талап етуге құқылы (ҚПК-нің 122-бабының 2-бөлігі). Мысалы, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын құжаттарды алу туралы қаулыға тергеу судьясының санкциясы берілуге тиіс (ҚПК-нің 254-бабының 1-бөлігі).

ҚПК-де белгіленген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеруге немесе сот талқылауына қатысуға жіберілген қорғаушы, жәбірленушінің өкілі Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған заңнамалық актілерінде көзделген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу тәртібін сақтай отырып, қорғауды жүзеге асыру, жәбірленушінің мүдделерін білдіру үшін қажетті мәліметтерді ҚПК-де регламенттелген нысандарда алуға құқылы (ҚПК-нің 122-бабының 3-бөлігі).

Заңның даусыз талабы болып табылатыны — (қылмыстық процеске қатысушылардың бұл жөнінде өтінішхат беруі талап етілмейді) мемлекеттік құпияларды құрайтын дәлелдемелерді тек жабық сот отырысында зерттеу жөніндегі соттың тікелей міндеті (ҚПК-нің 47-бабының 5-бөлігі). Алайда мұндай қатаң талап заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын немесе жеке өмірдің интимдік жақтарын ашатын дәлелдемелерді зерттеу тәртібіне тән емес, мұндай дәлелдемелер міндетті түрде емес, бірақ соттың жабық отырысының нысанасы болуы мүмкін (ҚПК-нің 47-бабының 6-бөлігі, ҚПК-нің 29-бабына түсініктемені қараңыз). Мұндай сот процестерінің жабық болуы олардың қатысушылары сот тарапынан істің белгілі бір құпиялар мен сырларды қамтитын материалдарын (құжаттардың көшірмелерін) бағалауға жіберілмейді дегенді білдірмейтінін атап өткен жөн. Керісінше, жоғарыда көрсеткеніміздей, процеске қатысушылар барлық жағдайларда осындай іс материалдарына жіберу тәртібін сақтай отырып, оларды зерттей алады, бірақ тек сот отырысы кезінде ғана. Демек, оларға бұл материалдардың кез келген көшірмесін жасауға, тіпті одан да бетер оларды сот отырысы залынан алып шығуға тыйым салынады, мұндай талапты бұзған жағдайда қылмыстық жауаптылық туындайды (ҚПК-нің 47-бабының 9-бөлігі). Бұл шектеулер толықтай негізделген және тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы, істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу, жеке өмірге қол сұғылмаушылық қағидаттарының мәніне қайшы келмейді, бұл сотқа әділ үкім шығаруға мүмкіндік береді. Әрине, істердің көрсетілген санаты бойынша сот процесінің жабық болуы соттың үкімде немесе өзге де сот шешімінде мемлекеттік құпиялар мен заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын іс материалдарын жария етуіне (ашуына) заңнамалық тыйым салудан да көрініс табады. Яғни соттың мұндай материалдарға сілтеме жасауға құқығы бар, бірақ олардың мазмұнын сипаттауға үзілді-кесілді тыйым салынады, бұл осындай сот процестерінің логикасынан туындайды.

Алдыңғы пайымдаулармен қылмыстық процестің жекелеген қатысушыларын материалдарында мемлекеттік құпиялар бар қылмыстық істерге жіберуді ресімдеу қажеттігін арнайы көздейтін заң талаптары тығыз байланысты. Бұл тақырыпты ҚПК алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылатын сот ісін жүргізуге қатысты да жеке бөліп көрсетеді, өйткені олар қарайтын істердің сипаты көбінесе құпиялылықты қамтамасыз ету режиміне сәйкес келеді (ҚПК-нің 47-бабының 3—4-бөліктері). Бірінші жағдайда қылмыстық процеске қатысушылардың мемлекеттік құпияларға рұқсатын ресімдеу мәселелерімен қылмыстық процесті жүргізетін орган ұлттық қауіпсіздік органдарымен, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі ведомстволық құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасай отырып айналысады, ал екінші жағдайда бұл функция қылмыстық процесті жүргізетін органдарға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратына) (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті туралы ережені бекіту туралы» Жарлығының 2-бөлімінің 15-тармағының 21) тармақшасы), сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктеледі. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы лауазымды адамының немесе азаматының мемлекеттік құпияларға рұқсат алу тәртібі 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңмен реттеледі (29—33-баптар) және т.б.

Қарастырылып отырған мәселе бойынша пайдалы ақпарат Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 3 «Қылмыстық сот ісін жүргізуде мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерін регламенттейтін заңнаманың кейбір нормаларын қолдану туралы» нормативтік қаулысында қамтылған. Аталған нормативтік қаулының 9-тармағында, атап айтқанда, ҚПК-нің 47-бабының 5-бөлігінің талаптарына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын дәлелдемелер соттың жабық отырысында зерттелетіні көрсетілген. Оған тиісті нысан бойынша мемлекеттік құпияларға рұқсаты бар процеске қатысушылар ғана қатысады. Сот отырысына дейін мемлекеттік құпияларға рұқсатты сот қызметін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган (сот аппараты) — судьяларға, алқабилерге, сот отырысының хатшысына және соттың басқа да қызметкерлеріне қатысты; прокуратура органдары — мемлекеттік айыптаушыға қатысты; әділет органдары — адвокаттар мен қылмыстық процестің басқа да қатысушыларына қатысты ресімдейді. Адвокаттарға мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді резервтің болмауы немесе заңда көзделмеген өзге де негіздер бойынша шектеуге жол берілмейді. Сот талқылауы барысында қорғаушы ауыстырылып, іске мемлекеттік құпияларға рұқсаты жоқ басқа адвокат кіріскен жағдайда, сот адвокат тиісті рұқсат алғанға дейін сот талқылауын кейінге қалдырады. Бұл ретте сот қаулысында ҚПК-нің 341-бабының 1-бөлігіне сәйкес істі талқылау кейінге қалдырылатын нақты мерзім, сондай-ақ әділет органдары адвокатқа мемлекеттік құпияларға рұқсат ресімдеу мәселесін шешуге міндетті мерзім белгіленеді. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын дәлелдемелер жабық сот талқылауында зерттелген кезде төрағалық етуші сот приставтарының, конвой қызметкерлерінің және сот отырысын қамтамасыз ететін өзге де адамдардың мемлекеттік құпияларды жария етуіне жол бермейтін шаралар қабылдайды.

Қарастырылып отырған тақырып қылмыстық процесте жеке өмірге қол сұғылмаушылық қағидатының қолданылуымен табиғи түрде байланысты. Сондықтан қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттері салдарынан жеке өмірге қол сұғылмаушылықтың бұзылуы, жеке немесе отбасылық құпияның жария етілуі, яғни қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде құпиялылықтың сақталмауы нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу де ҚПК-нің 4-тарауының қағидалары бойынша жеке тұлғаның құқықтарын қорғау мен қалпына келтіру мәселелеріне жатады (16, 37—42-баптарға түсініктемені қараңыз).

Құпиялылық — қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған сәттен туындайтын мәселе. Оны сақтамаған жағдайда іс бойынша іс жүргізудің жалпы тиімділігі, оның белсенділігі мен іс бойынша ақиқатты анықтау игілігіне бағытталған нәтижелілігі қылмыстық істің сотқа өтуінің бастапқы кезеңдерінде-ақ жоғалуы мүмкін. Оның үстіне, егер қылмыстық қудалау органдары іс бойынша іс жүргізудің құпиялылығын алдын ала қамтамасыз етуді ойластырмаса, орны толмас зиян тек сот төрелігіне ғана емес, қылмыстық процестегі жеке тұлғаның мүдделеріне де келтіріледі. Осыған байланысты ҚПК сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізудің жалпы шарттарының қатарына «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу» атты арнайы бапты енгізген (201-бап), оның нормаларына сәйкес алдын ала тергеу мен анықтау деректері жария етуге жатпайды. Нақты тергеу әрекеттерінің барлық қатысушыларынан анықтаушы, тергеуші істегі мәліметтерді өздерінің рұқсатынсыз жария етуге жол берілмейтіні туралы қолхат алады және оларды жауаптылық туралы ескертеді. Жалпы алғанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері прокурордың рұқсатымен ғана және ол мүмкін деп таныған көлемде, егер бұл тергеп-тексеру мүдделеріне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына байланысты болмаса, жария етілуі мүмкін (ҚПК-нің 29-бабына түсініктемені де қараңыз). Сотқа дейінгі іс жүргізу деректерін жария ету қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады (ҚК-нің 423-бабы). Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария еткені үшін де қылмыстық жауаптылық көзделген (ҚК-нің 424-бабы).

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне 2020 жылғы түсініктеме. Авторы: Қоғамов Марат Чекишевич, заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті заңгері, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулары Қорғау Арбитраждық Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

24-3-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы

24-3-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы      1. Сыбайлас же...

Толық оқу »

Заң шығарушы құпиялылық туралы шартқа (келісімге) ақпаратты сатып алу туралы шартты (келісімді) жатқызады.

Заң шығарушы құпиялылық туралы шартқа (келісімге) ақпаратты сатып алу туралы шартты (келісімді) жатқызады.Мәселен, "Г" АҚ "Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқ...

Толық оқу »

47-бап. Құпиялықты сақтау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

47-бап. Құпиялықты сақтауҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында осы Кодексте және басқа да заңнамада көзделген, м...

Толық оқу »

25-бап. Жәбірленушілерге көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде құпиялылықты сақтау Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

25-бап. Жәбірленушілерге көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде құпиялылықты сақтауТұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы      Жәбірленушілердің жеке және отбасылы...

Толық оқу »

17-бап. Қорғалатын адамдар туралы мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз ету Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Заңы

17-бап. Қорғалатын адамдар туралы мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз ету Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Заңы      Қауіпсіздік шараларын жүз...

Толық оқу »

8-бап. Ұсынылатын деректердің құпиялылық және қорғалу кепілдіктерін қамтамасыз ету Мемлекеттік статистика туралы Заңы

8-бап. Ұсынылатын деректердің құпиялылық және қорғалу кепілдіктерін қамтамасыз етуМемлекеттік статистика туралы Заңы      1. Бастапқы статистикалық деректер құпия болып табыла...

Толық оқу »

180-бап. Апелляциялық комиссия шағымды қараған кезде ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Экология кодексі

180-бап. Апелляциялық комиссия шағымды қараған кезде ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Экология кодексі Мемлекеттік құпиялар, коммерциялық және...

Толық оқу »