Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 48-бап. Биометриялық аутентификация Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

48-бап. Биометриялық аутентификация Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

48-бап. Биометриялық аутентификация Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 

      1. Цифрлық аутентификация үшін пайдаланылатын биометриялық деректер дербес деректер болып танылады және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қорғалуға жатады. 

      2. Қазақстан Республикасының әрбір азаматының цифрлық аутентификация мақсатында биометриялық тіркелуге құқығы бар. 

      3. Биометриялық деректерді міндетті түрде өңдеуге және биометриялық аутентификацияны жүргізуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда ғана жол беріледі. 

      4. Биометриялық аутентификация – жеке тұлғаны анықтау мақсатында биометриялық деректердің сәйкестігін салыстыру және тексеру процесі. 

      5. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген биометриялық аутентификация мемлекеттік органның қызметін цифрландыру кезінде, оның ішінде мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және уәкілетті орган бекіткен ұлттық биометриялық аутентификация жүйесінің жұмыс істеуі және оған қосылу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ұлттық биометриялық аутентификация жүйесі қолданыла отырып жүзеге асырылады. 

      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы алған ұлттық биометриялық аутентификация жүйесінің биометриялық деректерін міндетті пайдалану және (немесе) толықтыру жағдайларын қоса алғанда, қаржы және төлем ұйымдарының биометриялық аутентификация жүргізу тәртібін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды. 

      7. Ұлттық биометриялық аутентификация жүйесі адам бет-әлпетінің негізінде биометриялық аутентификациялауға арналған "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісі болып табылады, оны құруды, дамытуды, сүйемелдеуді және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді оператор жүзеге асырады. 

      8. Осы баптың қолданысы барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі барысында биометриялық деректерді жинау, өңдеу және қорғау, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 255-VIII ҚРЗ 

 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы