52-бап. Конституциялық Сот отырысының үзілісі. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы
1. Конституциялық Сот отырысында мынадай:
1) кворум болмаған;
2) конституциялық іс жүргізуге қатысушылар және келуі міндетті деп танылған өзге де адамдар келмеген;
3) егер қосымша материалдардың жолданымды шешу үшін елеулі мәні болса, оларды талап етіп алдыру қажет болған;
4) отырыс барысында жою мүмкін болмайтын басқа да мән-жайлар болған жағдайларда үзіліс болуы мүмкін.
2. Конституциялық Соттың отырысында үзіліс болған жағдайда, бұл туралы қатысушылар хабардар етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 153-VII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы