Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 53-бап. Авторлық сүйемелдеу Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

53-бап. Авторлық сүйемелдеу Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

53-бап. Авторлық сүйемелдеу Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Авторлық сүйемелдеуді осы Кодекстің 133-бабының 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, барлық құрылыс объектісінде құрылыс жобаларының авторы (авторлары) жүзеге асырады. 

      2. Құрылыс барысында жүргізілетін авторлық сүйемелдеу сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес және шарт негізінде жүзеге асырылады. 

      Авторлық сүйемелдеу міндетті түрде құрылыс объектісін салудың (реконструкциялаудың, реставрациялаудың, кеңейтудің, техникалық қайта жарақтандырудың, жаңғыртудың, күрделі жөндеудің) не оны консервациялаудың бүкіл кезеңі ішінде мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес жобалау-сметалық құжаттамада көзделетін қаражат есебінен жүзеге асырылады. 

      Авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлға құрылыс аяқталған кезде тапсырыс берушіге орындалған жұмыстардың бекітілген құрылыс жобасына сәйкестігі туралы қорытынды береді. 

      3. Құрылыс жобасының авторы (авторлары) құрылысқа авторлық сүйемелдеу жүргізуді (жүзеге асыруды): 

      1) инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына арналған сертификаты бар маманға (жұмыскерге); 

      2) инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына арналған тиісті сертификаты бар, авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыру бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтер ұсынушы өз бетінше таңдау үшін тапсырыс берушіге беруге құқылы. 

      4. Авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардың: 

      1) салынып жатқан тиісті құрылыс объектісіне еркін кіруге; 

      2) салынып жатқан құрылыс объектісіне қатысы бар құжаттамамен танысуға; 

      3) тапсырыс беруші мен мердігерден (бас мердігерден) бекітілген құрылыс жобасында көзделген жобалау шешімдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы және мемлекеттік нормативтік құжаттар талаптарының мүлтіксіз сақталуын талап етуге; 

      4) тапсырыс берушінің, мердігердің (бас мердігердің) құрылыс барысында жол берген мемлекеттік нормативтік құжаттарды бұзушылықтарды және (немесе) бекітілген құрылыс жобасында көзделген жобалау шешімдерінен ауытқуларды міндетті түрде жоюы туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқығы бар. 

      5. Авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалар: 

      1) бекітілген құрылыс жобасында көзделген жобалау шешімдерінің құрылыс барысында нақты орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге; 

      2) авторлық сүйемелдеу журналын тұрақты және тиісінше жүргізуді жүзеге асыруға; 

      3) авторлық сүйемелдеу журналына енгізілген өз нұсқауларының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға; 

      4) мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жасырын жұмыстардың негізгі түрлерін куәландыру және жауапты конструкцияларды аралық қабылдап алу актілерін ресімдеуге және оларға қол қоюға қатысуға; 

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген құрылыс жобасына негізделген өзгерістер енгізу жөніндегі шешімдерді уақтылы қабылдауға; 

      6) мердігер (бас мердігер) нұсқауды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда бұл туралы тапсырыс берушінің не оның уәкілетті адамының назарына жеткізуге, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органды хабардар етуге; 

      7) құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісіне қосымшаларды толтыруға; 

      8) құрылыс жобасын, сондай-ақ тиісті құрылыс жобаларының сараптама қорытындыларын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органға танысу үшін ұсынуға міндетті.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы