Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 54-бап. Судья ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

54-бап. Судья ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

54-бап. Судья ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Өз құзыретi шегiнде iстi жеке-дара қарайтын, соттың отырысын дайындау немесе оның үкiмiнiң немесе басқа да шешiмiнiң орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде өкім жасау әрекеттерін жүзеге асыратын, осы Кодекстiң 53-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген өтiнiшхаттар мен шағымдарды шешетiн судьяға соттың өкiлеттiктерi тиесiлi болады.

      2. Iстi судьялар алқасының құрамында қарайтын судья қаралатын іске байланысты туындайтын барлық мәселелердi шешу кезiнде төрағалық етушiмен және басқа да судьялармен тең құқықтарды пайдаланады. Судья қаралатын мәселелер бойынша басқа судьялардың пікірімен келіспеген кезде, өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқылы, ол конвертке салынып мөрленіп, қылмыстық іске қосып тігіледі. Тек жоғары тұрған соттың ғана істі қарау кезінде конвертті ашуына және судьяның ерекше пікірімен танысуына жол беріледі.

      3. Тергеу судьясы – бірінші сатыдағы соттың судьясы, оның өкілеттігіне қылмыстық сот ісін жүргізуде адамдар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына сот бақылауын осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асыру жатады. Тергеу судьясын алмастыру қажет болған кезде ол қайта тағайындалуы мүмкін.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы