Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 57-бап. Соттарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

57-бап. Соттарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

57-бап. Соттарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы 

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотын, жергілікті және басқа соттарын қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

      2. Сот жүйесінің бюджеті соттардың өз конституциялық өкілеттіктерін орындауын толық қамтамасыз етуге тиіс.

      Сот жүйесінің шығыстары өткен қаржы жылы үшін республикалық бюджетте белгіленген барлық мемлекеттік органдардың 001-бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстарының жалпы сомасының кемінде алты жарым пайызын құрайды.

      3. Республикалық бюджетті нақтылау, республикалық бюджетті түзету немесе секвестр жүргізу нәтижесінде барлық мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстардың жалпы сомасы төмендеген жағдайда республикалық бюджетте тиісті жоспарлы кезеңге белгіленген сот жүйесіне арналған шығыстардың мөлшері азайтуға жатпайды.

      4. Республикалық бюджетте тиісті жоспарлы кезеңге белгіленген сот жүйесіне арналған шығыстар секвестрлеуге жатпайды.

      Ағымдағы қаржы жылы ішінде республикалық бюджетті нақтылау, түзету кезінде республикалық бюджетте тиісті жоспарлы кезеңге белгіленген сот жүйесіне арналған шығыстар азайтуға жатпайды.

      Сот жүйесінің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген ағымдағы әкімшілік шығыстар лимиті белгіленбейді.

      5. Сот жүйесінің бюджетін шығыстардың деңгейлері мен бағыттары бойынша бөлу өзі бекітетін регламентке сәйкес Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысында бекітіледі.

      6. Сот жүйесінің бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік өтінімі республикалық бюджет жобасына өзгерістер жасалмай енгізіледі.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен сот жүйесінің бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік өтініміне Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкестігі мен есеп-қисаптардың дұрыстығына қорытынды дайындайды.

      7. Халықаралық кеңестің қызметін ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      8. Уәкілетті органның басшысы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген тәртіппен құрылатын Республикалық бюджет комиссиясының мүшесі болып табылады. 

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы