Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 58-бап. Конституциялық Соттың шешімдер қабылдауы. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы

58-бап. Конституциялық Соттың шешімдер қабылдауы. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

58-бап. Конституциялық Соттың шешімдер қабылдауы. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы 

      1. Конституциялық Сот шешімдерді алқалы түрде қабылдайды.

      2. Осы Конституциялық заңның 25-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Конституциялық Сот шешімді ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысушы судьялардың көпшілік даусымен қабылдайды.

      3. Егер шешім қабылдау кезінде Конституциялық Сот судьяларының дауыстары тең бөлінген болса, барлық жағдайларда өзінің дауысын ең соңынан беретін Конституциялық Сот Төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Конституциялық Соттың Төрағасын оның уәкілдік беру бойынша Конституциялық Соттың тиісті судьясы ауыстырған кезде бұл қағида қолданылмайды. Бұл жағдайда Конституциялық Сот Төрағасының немесе бірінші дауыс беруге қатыспаған судьясының қатысуымен қайтадан дауыс беру өткізіледі.

      4. Конституциялық Соттың кеңесуі кезінде отырысқа қатысатын судьялардың ешқайсысы қалыс қалуға немесе дауыс беруге қатыспауға құқылы емес.

      5. Конституциялық Сот қабылдаған шешімдер Төраға оларға қол қойғанға дейін дауыс беруге қатысқан Конституциялық Сот судьяларының қол қоюларымен алдын ала бекемделеді.  

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 153-VII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы