581-бап. Адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Егер адамды ұстап беруді (экстрадициялауды) кейінгі қалдыру қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне немесе қылмыстық іс бойынша дәлелдемелердің жоғалуына, жойылуына әкеп соқтыруы мүмкін болса, адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) туралы осы Кодекстің 580-бабында көзделген тәртіппен дайындалатын сұрау салу жіберілуі мүмкін.
2. Адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу қанағаттандырылған жағдайда, осы адам тиісті шет мемлекетке келісілген мерзімде қайтарылуға тиіс.
3. Процесті жүргізетін орган, қажет болған жағдайда, адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) мерзімін ұзарту туралы құжаттарды дайындайды, олар адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) мерзімі аяқталардан кемінде жиырма тәулік бұрын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жіберіледі.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы