59-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгiзу және судьялар қызметiнiң онымен байланысты ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы
1. Осы Конституциялық заң тиiстi заңдардың қабылдануына қарай, бiрақ 2001 жылдың 1 шiлдесiнен кешiктiрiлмей қолданысқа енгiзiлетiн 11 баптың 2-тармағын, 13-бапты, 18-баптың 2-тармағын, 19-бапты, 30-бапты және 36-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiн қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қызметке тағайындалған немесе сайланған Республика соттарының қызмет етiп жүрген төрағалары мен судьялары өз өкiлеттiктерiн сақтайды.
3. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қызметке сайланған немесе тағайындалған сот төрағаларының бесжылдық өкiлеттiк мерзiмi қызметке сайланған немесе тағайындалған сәттен бастап есептеледi.
4. Қазақстан Республикасы облыстық, оларға теңестірілген соттарының және Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағалары осы Конституциялық заңмен көзделген Қазақстан Республикасы соттарының алқалары құрылғанға дейін өз өкілеттіктерін сақтайды.
5. 2019 жылғы 1 қаңтар – 2021 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде отставкаға шыққан және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған судьялар үшін осы Конституциялық заңның 35-бабының 2-тармағында көзделген бiржолғы жәрдемақы мөлшері 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болатын еңбекке ақы төлеу мөлшерінен айқындалады.
6. Осы Конституциялық заңның 35-бабы 1-1-тармағының күші ол қолданысқа енгізілгенге дейін судья өкілеттігін тоқтатқан адамдарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы