Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 59-бап. Ұлттық палатаның мүшелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

59-бап. Ұлттық палатаның мүшелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

59-бап. Ұлттық палатаның мүшелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 

      1. Егер осы Кодексте және "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, кәсіпкерлік субъектілері Ұлттық палатаның мүшелері болып табылады. 

      2. Ұлттық палатаның мүшелері: 

      1) Ұлттық палата тарапынан кәсіби қолдау мен қорғауды, сондай-ақ оның жарғысында көзделген көрсетілетін қызметтерді пайдалануға; 

      2) оның басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға; 

      3) Ұлттық палатаға жазбаша сұрау салулармен өтініш жасауға және Ұлттық палатаға берілген өкілеттіктер шегінде уәжді жауаптар алуға, оның қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге; 

      4) "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Ұлттық палатаның жарғысында көзделген тәртіппен Ұлттық палатаны басқаруға қатысуға; 

      5) Ұлттық палата ұйымдастыратын оқытудан, қайта даярлаудан және біліктілікті арттырудан өтуге; 

      6) білікті ақпараттық-талдамалық қолдау, оның ішінде әртүрлі бейіндегі тәуелсіз сарапшылар көрсететін қызметтерді алуға; 

      7) Ұлттық палата жарғысында көзделген тәртіппен оның қызметі туралы есептерді тыңдауға; 

      8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы. 

      3. Ұлттық палатаның мүшелері міндетті мүшелік жарналар төлеуге міндетті. 

      4. Ұлттық палата мүшелерінің құқықтары тең. 

      5. Ұлттық палата кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласуға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға құқылы емес. 

      6. Дауларды реттеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы